Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
САБАҚ: 4-сабақ | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Әдет-ғұрып және салт-дәстүрлер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.7.1.- энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті қапаратты алу, авторына сілтеме жасау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар осы сабақта мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана алады; - мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыра алады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Сабаққа қажетті тірек сөздер: Арша, Мекендейді, Иіп жасайды, Еркінсу, Бесікке бөлеу, Асық жілігінен, Шүмек, Жазалау, Тегіннен-тегін айтылған сөз емес, Берік, Күл, Түбек, Көнбеймін, Ерегісу, Тербету, Ақыры. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысымын тексеру, сыныптың назарын сабаққа аудару. Қызығушылықты ояту: Оқушыларға қима қағаздары арқылы екі мәтін бөлекшектеліп беріледі. Оқушылар екі мәтінді мағынасына қарай құрайды және сол бойынша 2 топқа бөлінеді. 1 мәтін – Арша ағасының пайдасы. 2 мәтін – Бесік салты туралы. Оқушылар берілген мәтіндер арқылы тақырыпты анықтайды. Топ атын мәтін мағынасына орай оқушылар өздері қояды. Сұрақтарға жауап береді: 1 Мәтін не туралы? 2 Екі мәтін арасында қандай байланыс бар? 1-мәтін: Арша өсімдігінің қасиеті мен пайдасы. Оны кәдімгі арша, ем арша деп те айтады. Биіктігі 1-3,5 метр, қысы-жазы көгеріп тұратын, бұталы өсімдік. Қара күзде өсімдіктің піскен жемісі (қаракөк түстілері) жинап алынып, ашық жерде ептеп кептіреді. Арша – тау беткейінде, құмды жерлерде өсетін мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта. Ол 300 жылдай өседі екен. Табиғатта Гиннестің рекордтар кітабына кірген 800 жыл жасаған кәрі аршалар да бар. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. Тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. Сондықтан халық ұғымында қасиетті, киелі өсімдік болып саналады. Аршамен аластағанда жын-шайтандар, ауру-сырқау, жалпы жамандық атаулы қуылады деген түсінік қалыптасқан. Бұл тегіннен-тегін айтылған сөз емес. Себебі ғалымдар аршаның ең алдымен ауаны тазартушы өсімдік екенін айтады. 2-мәтін: Бесік — нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік жеңіл, ықшам әрі берік, көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі-жиі ауыстырып отырады. Шүмекті қойдың асық жілігінен жасайды, кейде айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен жиі босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Қазақта бесік қасиетті, киелі құтты мүлік болып есептеледі Сұрақтарға жауап береді: 1 Мәтін не туралы? 2 Екі мәтін арасында қандай байланыс бар? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану Мағынаны тану кезеңі: «Талдан жасалған бесік» тақырыбында оқушылар бейнематериалдан үзінді көреді.
1 Бейнекөрістен не көрдіңіздер? 2 Жоғарыдағы мәтіндермен қандай байлыныс бар? Тапсырма 1 Жаңа сөздермен жұмыс. Топтық жұмыс. 1 Келесі сөздерді астындағы сөздермен сәйкестендіріңіз. 2 Жоғарыдағы мәтінге сай 3 сөйлем құрыңыз.
Топтық бағалау. Жетістік критерийлері:
Тапсырма 2 Оқылым. «Бесікке бөленген сәби» мәтінін оқиды. Бала әуелде сәбилерге арналған төсекке жатқызылған еді. Сонан соң бір күні: "Осы бала тым еркінсіп бара жатыр. Бұл үлкейген сайын айтқанымызды қылмайтын болады әлі. Мұны бесікке бөлеп тастау керек" деген дауыс естілді.Баланың жүрегі жылайды."Мені жазалағалы жатыр, - деді бала. - Өзім де тым еркінсіп кетіп едім. Бесік дегендері қандай болады екен?"Сол күні үйге бесік алып келінді."Бесік дегендері осы екен ғой, - деді бала бесікке қарап жатып. - Мына кемпірі кім тағы?!""Жатпаймын бесіктеріңе! - деді бала ішінен айқай салып. - Көнбеймін! "Мына кемпірдің - ай! - деді бала. Алды да бесікке бөлеп тастады. Әже деп осыларды айтады екен ғой. Ал ойнап көр әжелермен. Ерегессе, алады да бесікке бөлей салады"."Ішінің жып-жылысын-ай! - деді бала, - Кішкене ұйықтап алсам ба екен? Осы бесікті қалай талдан иіп жасасақ, ұрпағымызды да тәрбиемізге солай иіп көндіріп отырамыз дегендері. Бетіңмен жібермеймін деп бесігіңнен сес көрсеткендегісі"."Бөлеп бердім, - деген кемпірдің дауысы шықты. - Өзің тербет"."Анама беріп жатыр, - деді бала. "Ау, мына кісі ән салып жатыр ғой! Менің анам ән салады екен ғой, өзі?! Ау, ана, айтқан соң жөні түзу ән айтсаңызшы. Сіз қазіргі қазақ эстрадасының репертуарына түсіп кеттіңіз ғой. Айтқан соң ата-бабаның әндерін неге айтпайсыз? Халықтың әндеріне салсаңызшы. Ақыры қол-аяғымды бесікке бөлеп тастаған екенсіңдер".Анам әнді ауыстырып жатыр. Халықтың әніне салып жатыр.Бала бірте-бірте ұйықтап бара жатты. Оқылым тапсырмасы: Мәтінді оқып шығып, тест сұрақтарына жауап беріңіздер!
а)Салт-дәстүр байлығымыз. b) Бала тәрбиені отбасынан бастап алады. c) Отбасы - шағын мемлекет. d) Отбасы - қоғамның діңгегі.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Мұғалімнің бағалауы. Жетістік критерийлері:
| https://www.youtube. com/watch?v=o9ZG2uXTXAI | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия | Powerpoint слайды | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?