Қазақтың салт-дәстүрі мен ырымдары. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ


Таратпа материалы

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді.

Аузына түкірту – ырым. Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған.

Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкөңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, көршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет көрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу көне шаман дінінен қалған.

Қазақ ырымдары:

Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.

Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді.

Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.

Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.

Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.

Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.

Сәби көзін ашып ұйықтаса – жары сұлу болады.

http://sauap.org/kz/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%A3-%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%82-%D0%B4%D3%99%D1%81%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96-%D0%BC%D0%B5%D0%BD-%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0/

Тыңдалым мәтіні негізінде төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Мәтінде қандай салт-дәстүр мен ырымдар туралы айтылған? Оларды атап шығыңдар.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

2. Нәрестенің болашақта сол өнегелі кісі сияқты болсын деген ұғымды білдіретін дәстүр қалай аталады?

_____________________________________________________________________________

3. Өмірде ешкімнің ала жібін аттамасын деген ниетпен білдіретін дәстүр қалай аталады?

_____________________________________________________________________________

4. Қонақ келе жатыр деген ойды білдіретін ырым қалай аталады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу