Қазақтың ұлттық ойындары. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 6 сабақ
Нұрбаева Жазира Серікқызы
Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Кіріктірілген оқу бағдарламасы қазақ тілі пәніне түбегейлі өзгерістер алып келді, мұғалімнің алдында тұрған міндеттерінің өзгеруіне ықпал етті. Мұғалім оқулықта берілген нұсқау бойынша білім беруші рөлін өзгертіп, сын тұрғысынан ойлай алатын оқушыны тәрбиелейтін фасилитаторға, нұсқаушыға айналды. Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқушыға оқулықта ұсынылған материалды емес, әдеби шығармаларға қоса, мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткаларды мәтін ретінде ұсынып, оқыта алады. Бұл өз кезегінде мұғалімге шығармашылыққа кең құлаш жаюға мүмкіндік бере тұрғанмен, сонымен қатар үлкен жауапкершілік артуда. Мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткалар мәтін болатын болса, «оларды қалай таңдаймыз, қандай параметрлермен өлшейміз, мәтінді сыныпқа әкелмес бұрын нені ескереміз, қандай белгілеріне қараймыз?» деген сауалдар көп туындайды.
Оқылым немесе тыңдалым мәтінін таңдау - мұғалімнің күнделікті атқаратын істерінің бірі. Бұл мәтінді мұғалім өзінің жеке критерийлеріне сәйкестігіне қарап таңдай береді, көбіне әдебиеттерге, басқа қосымша ақпараттарға сүйенбейді. Мұғалімдер оқушының өзіне оқылым немесе тыңдалым мәтінін таңдауға мүмкіндік бермейді. Оқушылар негізінен сол мәтінді қабылдаушының рөлін ғана атқарады. Мұғалімдердің таңдаған мәтіндері оқушыға келмейтін болып шығатын жағдайлар да болып жатады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, тіл үйретушінің ең қиын деген міндеттерінің бірі - өтімді, оқушыға келісті мәтін таңдау. Олай болса, мәтінді таңдау кездейсоқтыққа бағытталмай, ұзақ та терең ойлауды қажет ететін үдеріс болу керек. Егер мұғалім мәтінді оқушыға өтімді болатындай іріктесе, оқушылардың бар назары осы таңдалған мәтінге ауады, бұл өз кезегінде мәтіндегі тілдік құрылымдарды қабылдауға, сөздерді жадына сақтауға, сөздердің тіркесу үлгілерін түсінуге әкеледі. 4
Бүгінгі таңда бірінші, екінші тіл ретінде де оқитын топтарға мәтінді дұрыс таңдауда ескеретін жәйттер анықталып отыр. Мәтінді сауатты таңдағым келеді деген мұғалім өзінің уақытын кейбір маңызды аспектілерді саралауға жұмсағаны жөн деген пікірлер бар. Мәтінді таңдаған кезде келесі нәрселер ескерілу керек:
- тілді білу деңгейі, бұрыннан жинақтаған білімі
- қызығушылықтары
- қажеттіліктері
Жоғарыда аталған жәйттерге жақынырақ тоқталатын болсақ, әрине бірінші кезекте мұғалім оқушының тілді білу деңгейін анықтау тетіктерін іздейді. Ал тілді білу деңгейін анықтаудың жылдар бойы қалыптасқан, іс-тәжірибеден өткен жолы - алдын-ала тест жұмыстарын жүргізу тәсілі. Ал оқушылардың қызығушылықтарын анықтаудың жолдарын мұғалімнің жан-жақты ізденуі арқылы келетіні сөзсіз. Солардың бірден-бірі - оқушылардың өздерінің туған тілдерінде нені өз еріктерімен оқып/тыңдап жүргенін блакноттарына жазып жүруді тапсыру. Жазбалары белгілі бір уақыттан кейін тексерілсе, мұғалімді таң қалдырып, жаңа идеялармен қанаттануына мүмкіндік береді. Мұғалім деңгейлерін анықтап алғаннан кейін оқушыларға не қажет екенін, өзінің қаперіне алғаны дұрыс. Негізінен қажеттіліктерді бұрынғы алған білімінің жеткіліксіздігіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың қажеттіліктерін екіге бөлуге болады: 1) жеке қажеттіліктер- сөздерді үйрену, сөздердің айтылуын үйрену және т.б 2) жалпыға ортақ қажеттіліктер- тез оқу,тыңдалым, оқылым техникаларын үйрену.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?