Құттықтау жазу. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
САБАҚ: 6-сабақ | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | |||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||
Бөлім атауы: | Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология. | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Құттықтау жазу | |||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.3.2.1.- жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтап, құттықтау құрастырып жазу. | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар құттықтау мәтінінде кездесетін тілдік бірліктермен танысып, құттықтау мәтініне ғана тән стильдік ерекшеліктермен танысады. | |||||||||
Бағалау критерийлері | - тілдік бірліктерді орынды қолдана алады; - құттықтау мәтінінің стильдік белгілерін анықтай алады. | |||||||||
Құндылықтар | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. Сабақта оқушылар бойына денсаулық және жауапкершілік сынды құндылықтарды дарыту, жаһандық азаматтық ұстанымы мағынаны тану кезеңіндегі тапсырмалар негізінде жүзеге асады. | |||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Құттықтау мәтінін жазу үшін қажетті тірек сөздер: Ұлыстың Ұлы күні, ақ бата, көктем күнінің күші, шаңырақтың сүйеуі, бақыт, бірлік т.с.с. | |||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Қызығушылықты ояту. Оқушылар Наурыз мерекесіне арналған құттықтау бейнебаянын тыңдайды. Бейнебаянда құттықтау мәтіні үшін қажетті тірек сөздер беріледі. | https://www.youtube.com/watch?v=PLboQDSVtkI | ||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны тану Жазылымалды кезеңі: 1. - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін сипаттап беріңдер. - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесінің ерешелігі неде? 2. Мәтінді оқыңдар. Наурыз мерекесіне тән стильдік ерекшеліктерді атап көрсетіңдер.
22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін! Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз саған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын! Бауырым, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! Жазылым кезеңі. Құттықтау мәтініне қажетті тірек сөздерді пайдаланып, құттықтау мәтінін жаз. _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Қажетті тірек сөздер: Құттықтау мәтінін жазу үшін қажетті тірек сөздер: Ұлыстың Ұлы күні, ақ бата, көктем күнінің күші, шаңырақтың сүйеуі, бақыт, бірлік т.с.с. Жазылымнан кейінгі кезең: - Наурыз мерекесі қазақ халқы үшін несімен ерекшеленеді екен? - Осы мереке қарсаңында адамдар бір-біріне қандай лебіздерін білдіреді екен? | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Тазалық» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіледі. | |||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?