Былғары қолғап шебері. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Сабақ жоспары
7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Былғары қолғап шебері | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.1.1 -мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру; | ||||||||||
Сабақтың мақсаты | Мәтінді оқу арқылы ақпараттарды анықтауға, түсіндіруге үйрету. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік дағдылар | Былғары қолғап, шаршы алаң, кәсіпқой бокс | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Спорт, тарих, география | ||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда дене шынықтыру пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, спорт жұлдызы туралы білімдерін толықтырады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1-тапсырма Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мынадай сұрақтар қояды:
| Слайд | |||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 10 минут 10 минут | 2-тапсырма
Халықаралық кластағы спорт шебері НВО телеарнасының мәлімдеуі бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық 36 жасар Флойд Мейвезер бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 29 жасар Андре Уорд, 30 жасар Тимоти Брэдли және аргентиналық 38 жасар Серхио Мартинес бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады. Бұған дейін Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады. Ал енді спорттағы мақтанышымыз туралы нақтырақ айтсақ, Головкин Геннадий Геннадийұлы 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі , ҚР спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған. 3-тапсырма. Мәтінді қайта оқыңыздар. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
4-тапсырма Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды тауып, мәтінмен байланыстыра отырып түсіндіріңіз. Әлемдік үздік боксшыларды кім бастап тұр? Генаның Кертис Стивенспен өткізген кезесуі қайда болды? Головкин қайда дүниеге келген? Оның қандай жетістіктері бар? Ол кәсіпқой боксқа қашан келді? Спортшы WBA, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын неше рет қорғады? Боксшының білім алу жолы қандай? Ол қайда нұсқаушы-спортсмен? Қандай орденмен марапатталған? Дескриптор:
| Геннадий Головкин туралы мәлімет
| |||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.
«Менің түйгенім» «1 тезис, 1 дәлел» келтіру арқылы бүгінгі сабақтан түйгенін айтып, ой қорытады. Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады. | Түрлі түсті қағаздар | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?