Былғары қолғап шебері - GGG. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 5 сабақ


Геннадий Головкин: Мен енді Мигель Коттомен жұдырықтасқым келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (супер) нұсқасы бойынша әлем чемпионы Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин бүгін Нью-Йорк (АҚШ) қаласының атақты «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өзінің отызыншы жеңісіне қол жеткізген болатын. Үшінші раундта-ақ Геннадийдің оң қапталдан соққан соққысы австралиялықтың үмітін үзді. Орнынан әупірімдеп әрең тұрған Гил жекпе-жекті одан әрі жалғастырудан бас тартты. Геннадий Головкин осы кездесуден кейін іле-шала америкалық телеарналардың біріне берген сұхбатында тез жеңіске жеткеніне қарамастан Даниэль Гилге сыйластықпен қарайтындығын мәлім етті, деп хабарлайды sports.kz порталы. Сонымен қатар, осы сұхбат барысында қазақстандық боксшы енді алдағы уақытта нақты қай боксшымен қолғап түйістіргісі келетіндігін ашық мәлімдеді.

 - Геннадий, кәсіби рингтегі отызыншы жеңісіңіз құтты болсын! Бұдан басқа Сіз, осымен 27-ші кездесуіңізді нокаутпен жеңдіңіз. Жалпы, осы нокаут Сіз үшін қандай мәнге ие? Сіз үшін нокаутпен жеңу маңызды болды ма?

- Құттықтағаныңызға рахмет! Әрине, жеңіске жеткеніме сөз жоқ қуаныштымын. Жеңісіммен қатар бұл нокаут та мен үшін өте маңызды. Ол менің командам үшін, жанкүйерлерім үшін, Отаным үшін де маңызды. Бұл -мен арман еткен елеулі жетістік. Сол үшін оған қол жеткізгеніме өте қуаныштымын!  

- Жекпе-жек барысында Сізге баланың қолынан кәмпитін тартып алу қиынырақ болатын сияқты болып көрінді...  

- Олай тым кесіп-пішіп айтпайықшы, өтінем! Даниэль Гил - тамаша боксер және спортшы. Мен оны бокстағы жеткен жетістіктері үшін қатты сыйлаймын. Осы кездесуде болған жағдай оны бүйтіп қорлауға немесе  біліктілгіне, шеберлігіне күмән келтіруге негіз бола алмайды!

- Осы кездесуде Сіз қандай да бір арнайы стратегиялық жоспар әзірлеп пе едіңіз? Стиліңізге қандай да бір өзгертулер енгіздіңіз бе?  

- Маған өзгерту енгізудің қажеті жоқ. Мен рингке өз стилімде шығып жұдырықтасамын. Тек өз стилімді ұстануға тырысамын. Бұл, мінеки, өз жемісін беріп жатыр. Мен қашанда өз өз стилімде бокстасып келемін, бұдан кейін де осылай бокстаса бермекпін. Сондықтан өзгерту енгізудің ешқандай қажеті жоқ.

- Сіз өз стиліңізді қалай сипаттар едіңіз?

- Мексикалық шығар деп ойлаймын. Маған агрессиялық, шабуылдық сипатта жұдырықтасқан ұнайды. Айызым қанып жұдырықтасамын. Мен бұдан рахат аламын.

- «Мэдисон Сквер гарден» аренасындағы дебютіңіз ұнады ма?

- Маған барлығы ұнады. Өзімнің кезекті жекпе-жегімді осы жерде өткізгеніме төбем көкке жеткендей қуаныштымын. Осы сәтті пайдаланып, бүгінгі кездесуді көруге келген барлық көрермендерге ризашылығымды білдіргім келеді! Бүгінгі жекпе-жек те оларға ұнады деген үміттемін. Мен қашанда көрермен үшін жұдырықтасамын және сондықтан оларға әдемі және қашанда қызықты, шиеленісті бокс сыйлауға тырысамын!

-  Келесі қарсыласыңыздың кім болғанын қалар едіңіз?

- Менің дивизионымда әлі де мықты боксшылар көп. Олар менің телефон нөмірімді біледі. Оны олардың агенттері де біледі. Менің байланыс нөмірім телеарнашыларға да белгілі. Егер алғашқылары менен қорықпайтын болса,  ал екіншілері тағы бір қызықты көрсетілімді көргілері келсе, онда хабарлассын, қателеспейді. 

- Сонда да болса, фамилиясын атаңызшы! Сіз жауаптан тайқып жатырсыз. Сұрақты төтесінен қояйыншы: Геннадий Голвокин енді кіммен жұдырықтасқысы келеді?

- Мен бұдан кейін де біріктіруші жекпе-жектерді қалайтынымды тағы да айтқым келеді. Біз осы салмақта тек осылайша ең мықты боксшыны анықтай аламыз. Ал оның кім болатыны - ол басқа әңгіме. Мен Питер Куиллин және Мигель Котто секілді боксшыларды атай аламын.

- Егер де таңдау тек Сіздің қолыңызда болса, онда кімді таңдар едіңіз?

- Мигель  Коттоны. Меніңше, бұл көрермендер үшін де, телеарналар үшін де керемет кездесу болар еді. Ал бізге өзара жұдырықтасу әрі арамыздан ең үздік боксшыны анықтау қызықты болар еді.

https://www.inform.kz/kz/gennadiy-golovkin-men-endi-migel-kottomen-zhudyryktaskym-keledi_a2681839

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Назарбаевпен осы жылдың маусымында кездескен еді

АСТАНА, 13 қыркүйек — Sputnik. ҚР президенті телерадиокешені мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуінен бейнеүзінді жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Канело" Головкинмен көз түйістіруден бас тартты - видео

"Қыркүйекте сен үшін өте маңызды жекпе-жек бар. Барша қазақстандықтың атынан саған сәттілік тілеймін. Қазақстандықтар сенің жекпе-жектеріңді өте мұқият қарайды. Біз сені мақтан тұтамыз. Бұл жастар үшін, тәрбие үшін өте маңызды", — деді елбасы былғары қолғап шеберіне.

Айта кетсек, WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Назарбаевпен осы жылдың маусым айында кездескен болатын. Сол жолы былғары қолғап шебері чемпиондық белбеулерін президентке сыйға тартқан еді.

"Менің жұмысым — жеңіп алу, ал қалғаны сіздің құзырыңызда", — деп күлді боксшы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Головкинді "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапаттады.

https://sputniknews.kz/sport/20180913/7205767/nazarbayev-golovkinge-biz-seni-maktan-tytamiz.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу