Былғары қолғап шебері - GGG. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 5 сабақ
Былғары қолғап шебері - GGG
Оқу мақсаты:
6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.;
Бағалау критерийлері:
- Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын салыстырады;
- Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыптарын салыстырады;
- Мәтіндердің тілдік ерекшеліктеріне салыстыра талдау жасай алады;
1-тапсырма
Тірек сөздермен таныса отырып, сабақ тақырыбы мен мазмұнына болжам жасаңыздар.
2-тапсырма
- Стильдер туралы мәліметтерді еске түсіріңіздер.
- Ауызекі және ресми стильдің ерекшеліктерін жұпта айтып көріңіздер.
3-тапсырма.
- Мәтінді мұқият оқып, стильдік ерекшеліктерін талқылаңыздар.
1-мәтін
Головкин Геннадий Геннадийұлы 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі , ҚР спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.
2-мәтін
Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті. Елбасы кездесу барысында Геннадий Головкинге ілтипат білдіріп, қазақстандықтар оның кәсіби спорттағы жарқын жетістіктерін мақтан тұтатынын айтты.
– Отандастарымыз сенің жекпе-жектеріңді жіті бақылап отырады. Сен Қазақстанды лайықты түрде танытып, өз Отаныңды ешқашан ұмытпай, жүрген жерде айтып жүресің. Біз сені МАҚТАН ТҰТАМЫЗ, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкиннің Қазақстан спортын танытудағы және еліміздің халықаралық имиджін арттырудағы зор рөлін атап өтті.
– Сен өз салмағыңда ешкімге дес бермедің, саған жеңіліс таппаған ЕҢ ҮЗДІК нокаутер боксшы деген атақ берілді. Бұл – зор жетістік әрі біздің спортымыз бен бүкіл Қазақстанды насихаттаудың жарқын мысалы. Біз сенің ерік-жігеріңді жоғары бағалаймыз. Егер Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік болса, біз оған жағдай жасап, қол ұшын береміз, – деді Мемлекет басшысы.
Г.Головкин жеке қолдау көрсеткені үшін және Қазақстанның спортын, соның ішінде бокс мектебін дамытуға зор көңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді. – Мен өз тарапымнан елімізді халықаралық аренада одан әрі таныту үшін бар КҮШ-ЖІГЕРІМДІ ЖҰМСАЙМЫН [қолын жүрегіне қойып]. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, Қазақстанда жекпе-жек өткізу жоспарымызда бар. Халқымыз осындай айтулы оқиғаны тамашалауға ӘБДЕН ЛАЙЫҚ деп есептеймін. Маңызы зор осындай жекпе-жекті барша жұрт көргісі келеді деген ойдамын, – деді Г.Головкин. Сонымен қатар боксшы Қазақстан Президентіне WBC, WBA (Super), IBO және IBF тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасында бокстан алған чемпиондық белдіктерін сыйға тартты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Г.Головкинді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапаттады.
4-тапсырма
- Мәтіндерді қайта оқыңыздар.
- Кестеге сүйене отырып салыстыру жасаңыздар.
- Анықтаған ерекшеліктеріңізді жұпта алмасу арқылы бөлісіңіздер.
1-мәтін | 2-мәтін |
тақырып | |
мазмұны | |
|
|
тілдік ерекшеліктері | |
|
Дескрипторлар:
- Мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін ажыратады;
- Екі мәтіннің тақырыбын салыстырады;
- Екі мәтіннің мазмұнын салыстырады;
- Екі мәтіннің тілдік ерекшеліктерін салыстырады;
Рефлексия
Не туралы оқыдық? | Не туралы айттық? | Не түйдік?
|
|
|
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?