Футбол жұлдыздары. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 6 сабақ


 Самат Смақов (8 желтоқсан, 1978 ж. Семей)— Қазақстанның ең үздік футболшыларының бірі, Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы.

Самат Смақов 1978 жылы желтоқсан айының 8-інде Семей қаласында дүниеге келген. Бойы 1 метр 81 сантиметр. Салмағы 66 килограмм. Қорғаушы.

Құрама команда сапындағы алғашқы ойыны 2000 жылы наурыздың 31-інде Иордания командасымен матчында өтті. 2011 жылы өзінің ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

Клубтық мансабы

 Самат футболды ең алғаш 6 жасында бастады. Оның ең алғаш жаттықтырушысы — Н.Десембаев. 1998 жылы өзінің ең алғаш алтын медальна қол жеткізеді. 2002 жылы астаналық "Астана" футбол клубына ауысады. Ол жерде жақсы ойын өнерін көрсете алмағаннан соң, семейлік "Елімай" клубына келеді. 2004 жылы алматылық "Қайрат" клубымен келісімге тұрады. Ол команда да үздік ойын өнерін көрсетіп 3 маусым ішінде капитандық атаққа ие болады. 2007 жылы "Ақтөбе" футбол клубына ауысады. 2013 жылдың қантарында түріктік «Ризеспором» командасына ауысады. Түрік командасынан соң қайтадан алматылық "Қайрат" футбол клубына келеді. 29 қазан күні алматылық командамен өз келісім шартын үзеді.

Ұлттық мансабы

 Қазақстанның ұлттық құрамасында өзінің ең алғашқы ойынын 2000 жылы 31 наурызда Иордания ұлттық құрамасына қарсы өткізеді. Ұлттық құрамада өзінің ең алғашқы және ең соңғы голын 12 қыркүейк күні Белгия ұлттық құрамасының қақпасына соғады. 2007 жылы ұлттық құраманың басына Бернд Шток келгеннен соң ұлттық құрамада көрінбей қалады. Ұзақ уақыттан соң 2011 жылдың 9 ақпанында ұлттық құрамаға қайта келеді. 2011 жылы Белорусия ұлттық құрамасымен ойнап, ұлттық құрамадағы мансабын тоқтатады. Үш жылдық үзілістен кейін 2014 жылы Қазақстанның ұлттық құрамасына қайта келеді.

Ұлттық құрама

  • 2000 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстанның олимпиялық құрамамында өнер көрсетті.
  • Құрамы командасында алғашқы ойыны 2000 жылы наурыздың 31 -інде Иордания командасымен өтті
  • Қазақстан Ұлттық құрамасында 62 ойын өткізіп, 2 доп соққан.
  • Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізу жағынан Рұслан Балтиевтен кейінгі екінші орында
  • Ұлттық құрамадағы алғашқы добын 2007 жылдың қыркүйегінде Бельгия құрамасына соқты.
  • 2011 жылы Ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтыны жайлы шешiм қабылдады.
  • 2014 жылы Ұлттық құрамаға қайта оралды.
  • ЕВРО-2016 iрiктеу додасының аясында, Түркияға қарсы өткен ойында, Самат өзiнiң құрама сапындағы 2-шi голын соқты.

Жетістіктері

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D1%82_%D0%A1%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%BE%D0%B2

Самат Смақов қоштасу матчын Ақтөбеде өткізеді

 Семей өңірінің тумасы отандық футбол тарихында өзіндік қолтаңба қалдырғаны даусыз. Ол 1997-2018 жылдар аралығында «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), Ростсельмаш (Дондағы Ростов), «Жеңіс» (Астана), «Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ризеспор» (Түркия), «Ордабасы» (Шымкент) клубтарында өнер көрсетті. Өзі қорғаушы бола тұра талай матчтарда маңызды голдар соқты.   Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында Смақов 76 рет жасыл алаңға шықты. Ел біріншілігінде 6 рет ел чемпиондық атаққа қол жеткізіп, тағы 5 рет жүлдегер санатына қосылды. 2004, 2007, 2008 және 2009 жылдары Қазақстанның ең үздік футболшысы атанды. 2013 жылы Түркияның бірінші лигасының ең үздік қорғаушысы деген мәртебелі атақты иеленді. Міне, енді сол 39 жастағы серке ойыншы үлкен спортпен қош айтысуға бел буды.  Ақтөбеде өтетін Самат Смақовтың қоштасу матчында Руслан Балтиев, Нұрбол Жұмасқалиев, Әлібек Бөлешев, Мұрат Тілешев, Андрей Мирошниченко, Эмиль Кенжесариев, Андрей Финонченко, Малик Мане, Тити Эссомба, Евгений Ловчев, Андрей Сидельников, Андрей Богомолов, Марат Хайруллин, Жасұр Нарзықұлов, Александр Митрофанов, Андрей Лаврик, Қайрат Әшірбеков, Андрей Морев, Сергей Струков, Виталий Кицак, Дмитрий Юрист және тағы басқа танымал теңбіл доп шеберлері жасыл алаңға шығады деп күтілуде. Аталмыш бәсекенің билет құны 300 теңгені құрайды. Бұл ойыннан түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалады.  https://egemen.kz/article/172682-samat-smaqov-qoshtasu-matchyn-aqtoebe-oetkizedi



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу