Футбол жұлдыздары. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 6 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Футбол жұлдыздары

6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру;

Бағалау критерийлері:

  • Жазылым жұмысының құрылымын ескереді;
  • Қарапайым жоспар құрады;

1-тапсырма

Берілген суреттердегі тұлғаларды танисыздар ма?

Олар қай салада елге танылып жүрген спортшылар?

2-тапсырма

Зейін қойып оқиық

Арманым Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болу

Самат әр жылдары Қазақстанның “Қайрат”, “Ақтөбе”, “Ертіс” клубтары сапында ойнады. Одан бөлек ресейлік “Спартак-Нальчик” пен түркиялық “Ризеспор” сапында да жарқырай өнер көрсетті. Футболшы қазіргі Қазақстан чемпионатының деңгейі көтеріліп келе жатқанын айтады. «Андрей Аршавин, Денис Колодин сынды ресейлік жұлдыздардың келуі бізге тек жақсы жағынан ықпал етеді» -, дейді ол. Сондай-ақ, ол ұлттық құраманың қазіргі жай-күйі де туралы да сөз қозғады. Соныммен қатар, футболшы бұл ретте ұлттық құраманың тізгінін ұстау арманы екенін айтып өтті: “Бұл менің арманым әрі мақсатым. Егер маған қай кезде болмасын сондай құрмет бұйыратын болса, онда мен ең жоғарғы деңгейге дейін көтеру үшін барымды салар едім. Бірақ мен әлі футболшымын, бапкерлік кезеңге қай кезде қадам жасайтынымды әлі білмеймін. Дұрыс бағыт таңдау үшін алдымен Владимир Муханов, Алексей Петрушин сынды мықты мамандардың бапкерлік құрамында қызмет атқару керек”, – дейді даңқты футболшы.

Самат былтыр “Ертіс” сапында ойнаған. Маусымаралық үзілісте ол қайтадан сүйікті клубы “Ақтөбе” қатарын толықтырды. Әзірге “Ақтөбе” 1 ұпаймен 10 - орында келе жатыр.

3-тапсырма. Пікірлесейік

  • Самат Смақов туралы білесің бе?
  • Қазақстанда атақты футболшылар көп деп ойлайсың ба?
  • Саған футбол ойнаған ұнайды ма? Неге?

4-тапсырма. Жазайық

Тақырыптардың бірін таңдап, эссенің қарапайым жоспарын құрыңыздар және құрылымын ескеріңіздер.

  • Футбол- ең қызықты ойын.
  • Футболшы болу- арманым.
  • Қазақ футболының деңгейін қалай көтеруге болады?

Дескрипторлар:

  • Суреттерге сүйене отырып, сабақтың тақырыбы мен мазмұнын болжайды;
  • Мәтін негізінде жұбымен пікірлеседі;
  • Жазылым құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құрады;

Рефлексия

« Мендік пікір...»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу