Футбол жұлдыздары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Сабақ жоспары
7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. | Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С. | |||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Футбол жұлдыздары | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру. | |||||||
Сабақтың мақсаты | Түрлі мәтіндер жазу үшін жоспар құра білуге үйрету | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік дағдылар | Әлемге паш ету, спорттық бәсеке, байрақты жеңіс. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Спорт, Қазақстан тарихы, география | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда дене шынықтыру пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, ұлттық спорт туралы білімдерін толықтырады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | ||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1-тапсырма Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін мұғалім әйгілі футбол жұлдыздарының суреттерін ұсынып, олар туралы білетін ақпараттарын ортаға салуларын сұрайды.
| Слайд | ||||||
Сабақтың ортасы 5 минут | 2-тапсырма Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға шақырады. Оқылымды бастамас бұрын мәтінге қатысты тапсырмаларды таныстырады. Самат Смақов: Арманым Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болу Самат әр жылдары Қазақстанның “Қайрат”, “Ақтөбе”, “Ертіс” клубтары сапында ойнады. Одан бөлек ресейлік “Спартак-Нальчик” пен түркиялық “Ризеспор” сапында да жарқырай өнер көрсетті. Футболшы қазіргі Қазақстан чемпионатының деңгейі көтеріліп келе жатқанын айтады. «Андрей Аршавин, Денис Колодин сынды ресейлік жұлдыздардың келуі бізге тек жақсы жағынан ықпал етеді» -, дейді ол. Сондай-ақ, ол ұлттық құраманың қазіргі жай-күйі де туралы да сөз қозғады. Соныммен қатар, футболшы бұл ретте ұлттық құраманың тізгінін ұстау арманы екенін айтып өтті: “Бұл менің арманым әрі мақсатым. Егер маған қай кезде болмасын сондай құрмет бұйыратын болса, онда мен ең жоғарғы деңгейге дейін көтеру үшін барымды салар едім. Бірақ мен әлі футболшымын, бапкерлік кезеңге қай кезде қадам жасайтынымды әлі білмеймін. Дұрыс бағыт таңдау үшін алдымен Владимир Муханов, Алексей Петрушин сынды мықты мамандардың бапкерлік құрамында қызмет атқару керек”, – дейді даңқты футболшы. Самат былтыр “Ертіс” сапында ойнаған. Маусымаралық үзілісте ол қайтадан сүйікті клубы “Ақтөбе” қатарын толықтырды. Әзірге “Ақтөбе” 1 ұпаймен 10 - орында келе жатыр. 3-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдағаннан кейін оқушылар сұрақтарға сүйене отырып, бір-бірімен пікір алысады. Пікір алысуға көмектесетін сұрақтар: Самат Смақов туралы білесің бе? Қазақстанда атақты футболшылар көп деп ойлайсың ба? Саған футбол ойнаған ұнайды ме? Неге? 4-тапсырма Мұғалім оқушыларға футбол тақырыбында эссе жазу үшін алдымен қарапайым жоспар құруды ұсынады. Оқушылар жұппен жұмыс жасай отырып, эссенің қарапайым жоспарын құрады. Ал эссенің түрін өздері таңдайды. Ол үшін сыныптағы оқушылардың білім деңгейлерін ескере отырып, бірнеше тақырыптар ұсынады. Оқушылар қай тақырыпқа жазатындықтарын өздері анықтайды және эссенің құрылымын ескереді.
Дескриптор:
|
Самат Смақов: Арманым Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкер болу | ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды. « Мендік пікір...» оқушылар сабақ мазмұнына қатысты пікірлерімен бөліседі. Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады. | Түрлі түсті қағаздар | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?