Футбол ойыны. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 6 сабақ
Футбол ойынының қалай пайда болғаны туралы дерек
http://aitaber.kz/blog/qyzyqderek/2151.html
Спорт падишасы саналатын футбол атауының ойыны әлем бойынша жанкүйерлер миллиондап саналады. Күн сайын теледидарға қарап, футбол көретін, жаңалықтарынан хабардар болып отыратын жанкүйерлер жетерлік. Футбол ойынының қалай дүниеге келгенін, осы күнге дейін қалай жеткенін біреу білер, біреу білмес. Өзге құбылыстар секілді әр ойын түрлерінің шығу тарихы бар. Оның ішінде футбол ойынының тарихы тым тереңде. Аяқ доп ойынының алғашқы түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Рим елдерінде пайда болып, кейіннен Франция мен Италияда дамыған.Футболға ұқсас ойын түрін үнді елі Тапа Банка Яп (допты лақтыру)деп аталса, Эскимостар тунгатгак, Қытайлар цуцзю деп атаған. Францияда па супь, Италияда кальчио деп атаған. Римдіктер гарпастум (қол добы) деп кеңінен тараған. Бұл ойынды қолмен де, аяқпен де ойнаған. Бұл ойынның қатыгездікпен ерекшелінетін ережесі сан рет өзгергенДеректерде Англияда аяқ доп ойынының 1660ж таққа ІІ Карл отырғанда сарай маңындағылар ойнай бастаған. Орта ғасырларда Англияда футболды асқан құмарлықпен және дөрекі түрде жабайылықпен ойнайтын болған.Ойнаған кездерінде көшенің астын үстіне шығаратын. Шотландықтар мен ағылшындар футбол ойнағанда өліп тірілгеніне қарамайтын, жұлысып, тармасып тартысып, тебісіп, аузы мұрнын қанатып, ісініп, нағыз жабайылықпен ойнайтын болған.Сондықтан билік футболға қарсы барлық амалдарды жасаған. Тіпті король футбол ойнауға тыйым салатын арнайы жарлықтар да шығарған. Мәселен 1314ж король Эдуард ІІ Лондон тұрғындарына қала ішінде доп ойнауға тыйым салған. Тыйымды бұзғандар абақтыға жабылған. Тіпті 1389ж король Ричард ІІ сарай маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Бірақ Англияда бұл ойын танымал болғаны соншалық король жарлықтары да мұның алдында жарамай қалды. Алғаш рет дәл осы ойын Анлияда бұл ойын Футбол деген атпен атала бастады. Футболдың отаны Англия дейді.1863ж Англияда алғашқы ережесі бекітіліп, қауымдастығы құрылды. Алғашқы ереже бойынша ойынды қолмен ойнауға мүлдем тыйым салған. Тіпті қақпашының өзіне допты қолмен тосып алуына тек 1871ж ғана рұқсат етілді. ХІХ ғасырдың соңына дейін қауымдастық футбол ойынының ережесіне тағы өзгерістер келді. Мысалы 1871ж доптың өлшемі көлемі бекітілді. 1872ж бұрыштан ұру,1878ж төрешіге ысқырық, 1891ж бастап қақпаға тор байланатын болған.11метрлік айып добы сол жылы пайда болды. 1880 және 1881ж ж футбол алаңына алғаш рет төрешілер шығады. ХІХ ғасырдың соңында Латын Америкасы мен Еуропада бірден күрт дамып кетеді.Ресми түрде халықаралық кездесулер 1872ж бастап өткіле бастайды. 1908ж Футбол олимпиадалық ойындар тізіміне кіреді.1904ж Халықаралық Футбол федерациясы Фифа, 1954ж Еуропа футбол қауымдастықтары Уефа құрылған. Қазақстанда алғашқы футбол командасын құру 1911ж бастау алған.
Футбол ойынының ережесі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?