Футбол ойыны. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 6 сабақ


Сабақтың тақырыбы: Футбол ойыны

Оқу мақсаты: 6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру.

Бағалау критерийлері:

  • Жазылым жұмысының құрылымын ескереді;
  • Қарапайым жоспар құрады;

1-тапсырма

Тауып көрейік

  • Жасырылған сөздерді тауып, сабақтың тақырыбы мен мазмұнына болжам жасап көріңіздер.

2-тапсырма

Оқылым мәтінімен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Футбол ойынының ережесі

Егер ойын басталмас бұрын ойыншы қарсыласын теуіп жіберсе, алаңнан қуылады. Дегенмен жаттықтырушы алаңнан қуылған футболшыны басқа ойыншымен алмастыра алады. Егер ойыншы қарсыласын алаңға шықпай тұрып теуіп жіберсе, оған қызыл қағаз көрсетілмейді. Футболшы ойынға шыға береді. Бірақ бұл жайт хаттамаға енгізіледі.Ойын барысында қақпашы мен қорғаушы жейделерін алмастырып, «Жаңа қақпашы» өз айып алаңында допты қолмен тоқтатар болса, ойын жалғаса береді. Дегенмен доп тоқтатылғанда, екеуіне де ескерту қағазы көрсетіледі.Бұрыштама кезінде қорғанушы жақтың ойыншысы биік секіру үшін командаласының көмегіне сүйенсе, спорттық ережеге жат қылық көрсеткені үшін айып добы белгіленеді.Гол соққан ойыншы жейдесін шешіп, алаң жиегіндегі бөгеттен секіріп кетсе, екі сары қағаз көрсетіліп, бірден ойыннан қуылады.Футболшының бутсасы шешіліп қалып, ол әріптесіне пас берген болса, айып добы белгіленеді.Допты ойынға ауттан қосқанда теңбіл снарядты қарсыласына әдейі лақтырса, төреші айып добын белгілейді де, ойыншыны алаңнан қуады.Допты ойынға ауттан қосқан ойыншы теңбіл снарядты алаңның арғы жиегіне асырып жіберсе, доп қайта ауттан лақтырылады. Офсайд жасамақ оймен қорғаушы алаң шетіне шығып кеткен сәтте, ойыннан тыс қалған шабуылшы гол соққан болса, бұл гол саналады. Ал қорғаушы ескерту қағазын алады. Өз алаңында айып добын орындаған қорғаушы допты қақпашысына берген сәтте, теңбіл снаряд өз қақпасына кіріп кетсе, гол саналмайды. Шабуылдаушы команда бұрыштама добын орындайды.Негізгі және қосымша уақытта «А» командасының үш ойыншысы алаңнан қуылған болса, матч соңындағы пенальти кезінде «Б» командасының бапкері пенальтиге қатыспайтын үш ойыншысын анықтайды.Айып добы кезінде төреші қолын көтеруді ұмытып кетсе, ал доп ешкімге тимей, қақпа торынан табылса, гол саналмайды. Айып добы қайта орындалады.

  • Ойынның қандай ережеделерімен таныстыңыздар?
  • Футбол ойынының пайдасы қандай?
  • Ойынның қауіпті жақтары бар ма?
  • Футбол ойынын ойнағанда қандай қауіпсіздік ережелерін ұстану керек деп ойлайсыздар?

3-тапсырма

Жағдаяттық тапсырмамен танысыңыз.

Бүгін сіз мектеп сайтынан «үздік эссе» байқауы өтетіндігі туралы хабарламаны оқыдыңыз. Сіз ойлана келе осы байқауға қатысамын деген ойға келдіңіз. Эссе үздік шығуы үшін алдымен бүгін оның қарапайым жоспарын құрып, сыныптағы досыңызға оқып беремін деп шештіңіз. Ендеше, іске сәт!

Дескриптор:

  • Жасырылған сөздер арқылы сабақтың тақырыбы мен мазмұнын болжайды;
  • Мәтінге байланысты сұрақтарға жауап береді;
  • Эссеге қарапайым жоспар құрып, жұбымен бөліседі;


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу