Футбол ойыны. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Сабақ жоспары
7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Футбол ойыны | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, қарапайым жоспар құру. | |||||||
Сабақтың мақсаты | Түрлі мәтіндер жазу үшін жоспар құра білуге үйрету | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік дағдылар | Жасыл кілем, қарымта доп, жанкүйер | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Спорт, Қазақстан тарихы, география | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда дене шынықтыру пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, спорт туралы білімдерін толықтырады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | ||||||
Сабақтың басы 5 минут | 1-тапсырма Тауып көрейік
| Слайд | ||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 15 минут | 2-тапсырма Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға шақырады. Оқылымды бастамас бұрын мәтінге қатысты тапсырмаларды таныстырады. Футбол ойынының ережесі Егер ойын басталмас бұрын ойыншы қарсыласын теуіп жіберсе, алаңнан қуылады. Дегенмен жаттықтырушы алаңнан қуылған футболшыны басқа ойыншымен алмастыра алады. Егер ойыншы қарсыласын алаңға шықпай тұрып теуіп жіберсе, оған қызыл қағаз көрсетілмейді. Футболшы ойынға шыға береді. Бірақ бұл жайт хаттамаға енгізіледі.Ойын барысында қақпашы мен қорғаушы жейделерін алмастырып, «Жаңа қақпашы» өз айып алаңында допты қолмен тоқтатар болса, ойын жалғаса береді. Дегенмен доп тоқтатылғанда, екеуіне де ескерту қағазы көрсетіледі.Бұрыштама кезінде қорғанушы жақтың ойыншысы биік секіру үшін командаласының көмегіне сүйенсе, спорттық ережеге жат қылық көрсеткені үшін айып добы белгіленеді.Гол соққан ойыншы жейдесін шешіп, алаң жиегіндегі бөгеттен секіріп кетсе, екі сары қағаз көрсетіліп, бірден ойыннан қуылады.Футболшының бутсасы шешіліп қалып, ол әріптесіне пас берген болса, айып добы белгіленеді.Допты ойынға ауттан қосқанда теңбіл снарядты қарсыласына әдейі лақтырса, төреші айып добын белгілейді де, ойыншыны алаңнан қуады.Допты ойынға ауттан қосқан ойыншы теңбіл снарядты алаңның арғы жиегіне асырып жіберсе, доп қайта ауттан лақтырылады. Офсайд жасамақ оймен қорғаушы алаң шетіне шығып кеткен сәтте, ойыннан тыс қалған шабуылшы гол соққан болса, бұл гол саналады. Ал қорғаушы ескерту қағазын алады. Өз алаңында айып добын орындаған қорғаушы допты қақпашысына берген сәтте, теңбіл снаряд өз қақпасына кіріп кетсе, гол саналмайды. Шабуылдаушы команда бұрыштама добын орындайды.Негізгі және қосымша уақытта «А» командасының үш ойыншысы алаңнан қуылған болса, матч соңындағы пенальти кезінде «Б» командасының бапкері пенальтиге қатыспайтын үш ойыншысын анықтайды.Айып добы кезінде төреші қолын көтеруді ұмытып кетсе, ал доп ешкімге тимей, қақпа торынан табылса, гол саналмайды. Айып добы қайта орындалады.
3-тапсырма
Дескриптор:
|
| ||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды. « 3-2-1» оқушылар сабақ мазмұнына қатысты ойларын ортаға салады. Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады. | Түрлі түсті қағаздар | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?