Вел Баркер кубогын алған тұңғыш қазақ. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 9 сабақ


Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев

Жалпы мағлұмат

Толық есімі Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев

Азаматтығы Қазақстан

Туған күні 14 наурыз 1983 (29 жас)

Туған жері КСРО, ҚазССР, Жамбыл қаласы

Салмағы 69 кг

Бойы 183

Бапкері Нұрлан Ақүрпеков

Марапаттар

Олимпиада ойындары, Алтын, Афина 2004 , 69 кг дейін

Әлем чемпионаты

Қола Мяньян 2005 69 кг дейін

Қола Чикаго 2007 75 кг дейін

Азия ойындары Күміс Доха 2006 75 кг дейін

Мемлекеттік марапаттары

Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 Наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) – боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.

2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.

Өмірбаяны

Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген. Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.

Жолдама алу

Бақтияр көп уақытқа Бокстан ұлттық құрамада екінші рөлдегі боксшы ретінде саналып келді. Афина қаласында өткелі жатқан Олимпиада ойындарына да ең соңғылардың бірі болып лицензияны жеңіп алған болатын. 2002 жылы өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Азамат Мақажанов осы салмақта Қазақстанның үміті саналған еді, алайда Азамат 2004 жылдың 24 сәуір күні Алматы қаласында Азиялық олимпиадалық іріктеу турниріне жолдама үшін болған спарингте Бақтияр Артаевқа жеңіліп қалады. 2004 жылы 5-12 мамыр аралығында Пакістанның астанасы Карачи қаласында өткен Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде Бақтияр өзінің жақсы формада екенін көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атады. Финалда Бақтияр ирандық Ахмедабад Каримиді кездеседі. Бақтиярдың айқын басымдығын көрген төрешілер ойынды 3-ші раунд-ақ тоқтатып, жеңісті Бақтиярға береді.

Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды десе болады. 1/16 финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түркменістандық Алиаскер Башировты 33:23 есебімен, ширек финалда украиндық Виктор Поляков айқын басымдықпен жеңді (33:13). Халықралық жарыстарда әлі көзге түсіп үлгермеген, айтарлықтай үлкен жеңістері жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр Олимпиада ойындарының фовориті, тәжірибелі Саитовты 20:18 есебімен жеңіп, финалға шықты. Олимпиадада әлі алтын алмаған Қазақстанның ендігі үміті - бокстан финалға шыққан Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкин еді. Бақтиярды финалда атағы мен тәжірибесі Олег Саитовтан кем түспейтін, екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. 1.5 жыл ұтылмаған Лоренцо Арагон Бақтияр Артаевқа финалда 36:26 есебімен жеңіліп қалды.

Еңбек жолы және білімі

Қазіргі уақытта өзінің туған өлкесінде әкімшілік саласында қызмет етуде. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған. ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары, «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері, Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген. 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.

2011 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.[2]

Жанұясы

Әкесі - Артаев Ғарифолла Бекбасарұлы (1956 - 20.08.2012)

Анасы - Жексембиева Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 - 20.08.2012)

Ағасы - Бақыт (1979 ж.т.)

Інісі - Артаев Наурыз (1989 ж.т.)

Жолдасы - Тұнғатова Салтанат Тоғайқызы (1986 ж.т.)

Ұлы - Артаев Әлинұр Бақтиярұлы (2009 ж.т.)

Бақтияр Артаев құрметіне 2007 жылдың 21 наурыз күні Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы ашылды.

http://el.kz/kz/news/archive/content-5794

2004 жылы Афинада өткен Олимпиадада көк байрағымызды желбіреткен батыр Бақтияр 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген. Бақыт есімді ағасы, Наруыз атты інісі, Әлинұр, Айзия, Айша атты ұл-қыздары бар.  Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков. 2004 жылғы Грекияның Афина қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасында алтын медаль иегері, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы. Афинадағы жеңістен кейін өзінің туған өлкесінде бірнеше жыл бойы әкімшілік салада қызмет еткен болса, қазіргі таңда Астана қаласындағы президенттік кәсіби спорт клубының президенті. Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. Бүгінде әлем мойындаған Генадий Головкинмен 14 жасында Шымкент қаласында алғашқы кездесуін өткізеді. Ел аузында қос спортшының бала кезден бергі достықтары, бүгінге дейін жалғасқан сыйластықтары аңыз болып айтылып жүр. Бақтияр Артаев бокстан басқа футбол ойынын ойнағанды ұнатады. Бір сұхбатында өзінің бойындағы өнері туралы былай дейді: "Ән айтамын, тек өзімнің белгілі бір ортамда ғана. Өзіме тән қоңыр даусым бар. Мақтауға тұрарлықтай емес, дегенмен әу демейтін қазақ жоқ дегендей, біраз шырқайтыным бар. Лирикалық әндерді айтқанды ұнатамын". Бос уақытысында Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін, Мұхтар Әуезовтің шығармалары мен Мұхтар Шахановтың өлеңдерін, газет-журналдарды оқығанды құп көреді. Балық аулау, аңшылыққа шығу да сүйікті істерінің қатарында екен. Ол өзінің бокстағы жылдарында бірде-бір рет нокаутқа түсіп, жарақат алмағандығын айтады. 2007 жылдың 21 наурызанан бері Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы жұмыс істейді. Мұнда күніне 700-800-ден астам бала жаттығады екен. Аталған қалада Бақтияр Артаев туралы кітап жарық көрген.: https://massaget.kz/layfstayl/sport/tulalar/17618/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу