Қазақ күресі. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 10 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Қазақ күресі

Оқу мақсаты:

6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

Бағалау критерийлері:

  • Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпаратты анықтайды;
  • Мәтінмен байланыстырып түсіндіре алады.

1-тапсырма

  • Суретте қандай спорт түрінен өткізілетін байқаудың белгісі бейнеленген?
  • Бұл спторттық байқау туралы не білеміз?
  • Бұл белдік спорт ережесі бойынша кімге беріледі?

2-тапсырма

  • Мәтінді мұқият оқып, қысқаша мазмұнын талқылаңыздар.

Қазақстан барысы-2018

 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" VIII республикалық турнирі аяқталды. Биылғы балуандар бәсекесінде Ержан Шынкеев жеңімпаз атанды. Өткен жылы "Қазақстан барысы" атанған Еламан Ерғалиев биыл чемпиондық атағын қорғай алмады. Балуан ширек финалда "Әскер барысы" Ерасыл Қажыбаевтан жеңілді. Балуандар тең түсіп, белдесуде Еламанның қолы белбеуден босап, жарысты аяқтады. Естеріңізде болса, Еламан да өткен жылы "Әскер барысы" атанып барып, "Қазақстан барысында" бақ сынаған еді. Жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев Түркістан облысынан келген балуан Ерсұлтан Мұзаппаровпен белдесті. Бірден ұпай алып, шабуылда ширақтық танытты. Әйткенмен екі балуанның салмағы бірдей емес. Ерасыл – биылғы балуандар бәсекесіне қатысушылар арасындағы ең ауыр салмақты спортшы. Ерсұлтаннан 60 кг-ға ауыр болды, дегенмен жекпе-жек соңында Түркістан облысынан келген балуан намысты қолдан бермеуге тырысты. Үстін-үстін әдіс жасап, ұпай алғанмен, алып қарсыласынан айласын асыра алмады. Жартылай финалдағы Айбек Нұғымаров пен Ержан Шынкеев арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Жанкүйерлердің ықыласына бөленіп, қос балуанның әдіс-айлалары ерекше болды. Белдесудің соңында Ержан ұтылып тұрып, шығыс қазақстандық балуанды өз әдісіне түсірді. Нәтижесінде финалға жолдама алды.

Биылғы "Қазақстан барысына" алып балуандар шықты. Ерасыл Қажыбаевтың салмағы 151 кг (ең ауыр балуан) болса, Ержан салмақ өлшеу рәсімінде қарсыласынан 20 кг жеңіл шыққан болатын. Финалдық белдесуді Ержан Шынкеев ширақ бастады. Бүк ұпайын алып, оны жамбас ұпайына айналдыра білді. Ал Ерасыл жарақаты барын аңғартып, ауырсына жүріп белдесті. Ержан шеберлігін танытып, алғаш рет Қазақстан барысы атанды. Ал алғаш рет Қазақстан барысына қатысқан Ерасыл Қажыбаев күміс белбеу иегері атанды.

3-тапсырма.

  • Мәтінді қайта оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар.

Ақпараттар

Түсіндірмесі

Негізгі ақпараттар

 

 

Қосымша ақпараттар

 

4-тапсырма

  • Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтаңыздар және түсіндіріңіздер.

Түсіндірмесі:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу