Балқаш көлі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
САБАҚ: 1-сабақ | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | ||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||
Бөлім атауы: | Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология. | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Балқаш көлі | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.1.5.1.- 6.1.5.1 - тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Шипалы су, тұщы көл, өзен, фауна, көл түбінде моллюскілер. 1. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады. 2. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері | - Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді; - Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады. | ||||||||||
Құндылықтар | Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу. | ||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар сұрақ қою технологиясымен танысады, өз ойын еркін әрі анық жеткізе білуге тырысады. | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тарихи тұлғалар. Лексика. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы 2 мин | «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлінеді. Суреттер қиығы топтарға таратылады. Сурет қиықтарын жинап, сурет бойынша ойларын айтады, суреттің артындағы жазылған сұрақтарға топ болып жауап береді.
| ||||||||||
Сабақтың ортасы | Тыңдалымалды кезеңі. Сурет артына жазылатын сұрақтар:- Жер бетіне түскен жауын-шашын суы қайда кетеді? Табиғаттағы су қандай күйде кездеседі? - Табиғаттағы су айналымы туралы не айтар едің? - Теңіз бен мұхит суларын ішуге болады ма? Неге? - Оны қалай тазартып алуға болады? (Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын өте қуатты қондырғы арқылы тазартып ішеді.) - Жер асты сулары қалай пайда болады? - Шипалы су деген не? -Табиғатта таза су қандай жерде кездеседі? Тыңдалым кезеңі. Тыңдалым мәтіні: Балқаш көлі - табиғат әлемінің ерекше туындысы Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Балқаш – жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк. Балқаштың батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді. Балқаш – жартылай тұщы көл. Көл жер бетіндегі ең көне көл болып саналады. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар кездеседі. 1-тапсырма. «Кубизм» стратегиясы арқылы топқа төмендегідей сұрақтар қойылады: 1.Суреттеңіз. Балқаш көлін сипаттап беріңіз. 2.Салыстырыңыз. Балқаш көлін Аягөз, Бақанас, Лепсі, Ақсу өзендерімен салыстырыңыз. Бүгінгі жағдайы туралы айтыңыз. 3.Зерттеңіз. Балқаштың адам біле бермейтін қандай құпиялары бар? 4.Қолданыңыз. Балқаш көлінің суын ауызсу ретінде қолдануға бола ма, қалай ойлайсыз? Бүгінгі күнмен байланыстырыңыз. 5.Талдаңыз. Қосымша ақпараттарды қарастыра отырып, көлдің қалай пайда болғаны туралы аңызды талдаңыз. 6.Бағалау. Бүгінгі Балқаштың жақсы-жаман жағы, мүмкін болатын жағдайларын, себептерін қарастырыңыз. Тыңдалымнан кейінгі кезең. «Балқаш көлі» ребус жасаңыз.
«Төрт сөйлем» тәсілі. 1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады. 2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді. 3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады. Дескриптор
Бағалау | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | |||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?