Су тапшылығы. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 2 сабақ
Оқылым дағдысы – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдау және түсіну, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу; деңгейіне бағытталады.
Оқылым дегеніміз – параққа түскен қатысымдық тұлғалардың мағынасы мен мазмұнын ой мен сана арқылы қабылдай отырып, мәтіннен нақты ақпаратты табу, түсіну, оны қабылдау және дауыстап не іштей оқу арқылы тілдік қатынасты іс жүзіне асыру. Оқу үрдісі арқылы адамдардың бір-бірімен әдеби, мәдени, саяси жағынан қарым-қатынас жасауды жетілдіру, өздеріне қажетті ақпаратты, хабарды алу мүмкіншілігі туады.
Ғалым Ф. Оразбаева оқылымның маңызын төмендегідей жіктейді:
1) Оқырман оқылым арқылы бүкіл тілдік қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады.
2) Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салалардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, ішкі ой-санасын дамытады. Ойлау қабілеті мықты дамыған адамның сөйлеу қабілеті де ерекше болады.
3) Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйренуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды. [3]
Ғалым С.К. Фоломкинаның пікрініше оқылым мәтінімен жұмыс жасау кезінде мәтін мазмұнымен танысу үшін оқу, ізденімдік оқу, зерделік оқу, танымдық оқу түрлерін қолдануға болады әрі бұл оқылым түрлері оқушыларға өте нәтижелі болады.
Оқылым мәтінінің мазмұнымен танысу үшін оқуда оқушы тақырып туралы жалпы идеяны анықтауға, мәтін тақырыбына, қарастырып отырған мәселесіне байланысты сұрақтарға жауап беруде мәтіннен белгілі бір ақпаратты табуға, кейде мәтіндегі белгілі бір азат жолын ғана алып, сондағы мәселені қарастырады. Мысалы;
- Мәтінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
- Мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
- Мәтіннен ... туралы ақпаратты табыңыз.
- ... осы мәселені нақтылайтын фактіні мәтіннен табыңыз
- Ойыңызды дәлелдеу үшін мәтіннен қандай дәлел келтіре аласыз? т.с.с.
Ізденімдік оқылым – берілген материалдардың ішінен автор өзіне керекті фактіні, хабарды іздеп тауып, пайдалана білу.
Ізденімдік оқылымның басқа оқылымнан айырмашылығы, біріншіден,мұндай оқу жылдамдықты қалайды,екіншіден, мәтіннен оқушы өз қажетін таңдап алуға мүмкін болатын тапқырлықты қажет етеді. Ізденімдік оқылымда оқушы кітаптан тұтас материалды түгел оқып не қарап жатпайды, тек өзіне керектісін мазмұннан, жоспардан іздестіріп, тауып алады.
Ізденімдік оқылым оқушының көру қабілетін ұштайды, қажет материалға бірден назар аудара білуге баулиды. Бұл оқу тапсырма мен жаттығу арқылы да жүзеге асады.
Мысалы, мәтіннен қажет анықтаманы тауып оқу, берілген ережеге сай мысалдарды табу. Бұл оқылымның түрі оқушыларды мәтіннен нақты ақпаратты анықтауға,іздеп тапқан мәліметтерін саралауға, ойын дәлелдеуге,басқа мәліметтермен салыстыруға көмегін тигізеді.
Танымдық оқылым дегеніміз – оқушылар кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала,кітап,пікір,газет-журнал материалдарын оқып түсінуі.
Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалдарды зерттейін деген мақсат бола бермейді.
Мұндай оқылым белгілі бір ақпаратты зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі. Танымдық оқылымда шығарманың ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып пайдаланады.
Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалдардың мазмұнын толық біліп,мәтінге анализ жасай білу керек. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді.
Зерделік оқылым асықпай, ойлы қалыппен өткізіліп, оқушының бар көңілін баулап алуды қажет етеді.
Осы аталған оқылым түрлерінің барлығы да оқылым алды тапсырмасы, оқылым тапсырмасы, оқылымнан кейінгі тапсырма арқылы жүзеге асады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?