Су – тіршілік көзі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: 2-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 6-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология.

Сабақтың тақырыбы

Су – тіршілік көзі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.4.1 – эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі).

Сабақтың мақсаттары

Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Бағалау критерийлері

Тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырады;

Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді;

Құндылықтар

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Біріншіден, ...екіншіден,...

Қорытындылай келе,...

Осыған дейін меңгерілген білім

Тарихи тұлғалар.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Қызығушылықты ояту. «Бас шайқау» ойыны ұйымдастырылады.

Мұғалім қойған қызықты сұрақтарға «келісемін», «келіспеймін» деп жауап беріп, себептерін айтады.

Мысалы: Сен бүгін сабақты жақсы түсінесің.

Мүмкін жауап: иә, келісемін, мен бүгінгі сабақты жақсы оқимын, себебі...

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру

Сабақтың ортасы

Жазылымалды кезеңі.

Эссе қадамдарын беру:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

3.Қорытынды

«Сарапшылар болашақта ауызсудың бағасы мұнайдан да қымбат болады» деп болжауда. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау дескрипторы:

Эссе құрылымын сақтау (кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім);

Эсседе келісемін не келіспеймін деп, себептерін көрсете білді;

Негізгі бөлімде тақырыпқа байланысты мақал-мәтел не дәйексөз қолданып жазды;

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырды;

Екіден кем емес қыстырма сөздер қолданды;

Жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Біріншіден, ...екіншіден,...

Қорытындылай келе,...

І. Кіріспе 30%

Мәселе туралы

Мәселе туралы не білесіз.

ІІ. Негізгі бөлім 60% (аргументтер, дәлелдер)

1. [Дәйексөз (цитата)]

2. [Мақал-мәтел]

3. [Өмірден мысал]

Қыстырма сөздер осы бөлімде кеңінен қолданылады:

Менің ойымша / пікірімше, зерттеулер нәтижесі бойынша...

“ ”, деп М.Дулатов айтқандай, ...

“ ”, - деп халық даналығы айтқандай, ...

ІІІ. Қорытынды бөлім 10 %

Қорытындылай келе, ...

Сонымен...

Өз ойымды қорытындылайтын болсам, ...

Эсседе берілген қыстырма сөздерді пайдалануға болады: сонымен бірге, сондай-ақ, нәтижесінде, атап айтқанда, соған қарамастан, нақтырақ, дәлірек айтсақ, оның орнына, қорытындылай келе, қысқаша айтқанда, соған қарамастан, меніңше, басқаша айтқанда, біріншіден...

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу