Су – тіршілік көзі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | |||||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Су – тіршілік көзі | |||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.1.1. - Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. | |||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар негізгі және қосымша ақпаратты табуға үйренеді. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтайды, түсінеді. | |||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу. | |||||||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | |||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Кілт сөздер мен фразалар. Тамшы, су, жаңбыр, бұршақ, қар, мұз, ериді, қатады, ағады, буланады, күнделікті өмір, жуыну, суару, құю, жуу, төгу. | |||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тарихи тұлғалар. | |||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Қызығушылықты ояту. Оқушылар сәйкестендіру түрінде берілген сөздік жұмысын орындайды. Сәйкестендіруді орындап болған соң, «Ақ бұлақ» әнін тыңдай отырып, өздерін өздері тексереді, содан кейін жұпта, сыныпта тексереді. | https://www.youtube.com/watch?v=LeOmtCuOKxU | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Оқылым алдындағы тапсырма С Мәтіндегі таныс емес сөздермен жұмыс орындалады. Мұғалім сөздерді оқушыларға береді, оқушылар білгенінше орындайды, сосын мұғалім түсіндіре отырып, толықтырады. Тұтынады Қалдық Қондырғы Бөгет Тозаң Оқылым тапсырмасы Ж Мәтінді оқып шығып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекерге айтпаған болар. Адам суды өз қажетіне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Есептеулерге қарағанда қаланың бір адамы алуан түрлі қажеттігін өтеу үшін тәулігіне 700 литрге дейін таза суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол - ластанған су. Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Олар: өнеркәсіптің, шахтаның, кен орындарының, мұнай өнеркәсібінің, су, темір жол және автомобиль көліктерінің, т. б. шайындылары. Шайындылар арқылы суға тірі ағзалар, қатты, сұйық, еріген газ күйіндегі қалдықтар барады. Олардан судағы майда ағзалар, жәндіктер, өсімдіктер, балықтар қырылады немесе ауру таратады. Шаруашылыққа орын толмас аса үлкен зиян келеді. Қазіргі кезде лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттігі туды. Мұхиттар мен теңіздердің суы да үздіксіз ластануда. Оларға орасан көп мөлшерде мұнай және өндіріс қалдықтары төгіледі. Ол мұхит пен ауа арасындағы газ алмасуын қиындатады. Адам баласы ғасырлар бойы табиғатты пайдалануды ғана білді. Ірі-ірі құрылыстар салды. Өзендерге бөгеттер жасады. Суды шамадан тыс пайдаланудың нәтижесінде көлдерге құятын өзен сулары азайды. Оны тартылып қалған Арал теңізі мен Балқаш көлі тағдырынан анық көреміз. Арал теңізіне құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінің тұщы суын Қазақстан және көршілес елдер бірігіп пайдаланады. Соның салдарынан теңізге су аз құйылады. Теңіз тартылып шөлге айналды. Құрғаған теңіз түбінен милиондаған тонна тұз тозаңы ұшып, жүздеген, мыңдаған километр жерге таралды. Аралдың тағдыры адамзатты толғандыратын ауыр қасіретке айналды. Ғалымдар Аралды дағдарыстан құтқарудың жолдарын іздестіруде. Бірақ бұл дағдарыс - бірер елдің күшімен шешілмейтін аса күрделі мәселе.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Арал теңізінің мәселесін қалай шешуге болады? Сіздің ұсынысыңыз қандай?
| |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия Рефлексия Мен қай сатыдамын? Неге? | |||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | ||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?