Су. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 3 сабақ
Тыңдалым дағдысы оқылым сияқты қабылдаушы дағды.
Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «Есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым. «Тыңдалым кезінде тілді меңгерген тыңдаушы бір не бірнеше адам айтқан ауызша ақпаратты қабылдап өңдейді».
Айтылым – өндіруші дағды. Тілді қабылдап үйренуден гөрі сөйлеу көрініс тауып отырады. Айтылым дегеніміз өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін сөздерді қолдану.
Тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
*тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
*мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
*тыңдаған мәтін бойынша сұрақтар қою;
*мәтін бойынша жоспар құру;
*тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
*мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
*мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
*мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
*ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
*жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу;
*берілген тақырып бойынша диалог құру.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?