Су туралы не білеміз? Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ. | |||||||||||||||||||||||
Сынып: 6-сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||
Бөлім атауы: | Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Су туралы не білеміз? | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.4.1. – ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру. 6.3.4.1. – эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін, айқын көрсетіп жазу («келісу-келіспеу» эссесі) | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтау, эссе жазу барысында көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу. | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар |
| |||||||||||||||||||||||
АҚТ қолдануы | Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады. | |||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Диалогқа пайдалы тіркестер: Менің ойымша..... Мен келісемін… Мен келіспеймін… | |||||||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Тарихи тұлғалар. | |||||||||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру; Есту диктанты Өте ерте заманда жер шарының көп бөлігін су басып жатты. Ол заманда өсімдіктер мен жануарлар әлемі пайда болмаған. Суларда тек түйіршік тәрізді тіршілік иелері болды. Біртіндеп жер бетіндегі сулар азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бұрын суда өсіп келген балдырлар құрғақ жерлерге өсуге бейімделіп, жапырақты өсімдіктер, шөптер, ағаштар пайда бола бастайды. Кейінірек құрғақ жерлер көбейіп, суда да, жерде де мекендейтін бақа сияқты қосмекенділер пайда болған. Ұзақ уақыт өте келе ауа райы өзгеріп, суық бола бастаған. Бұл жағдай өсімдіктер мен жанурларға қатты әсер етіп, қөбі өзгеріске ұшырап жаңа ауа райына бейімделді. Уақыт өте келе жер беті қазіргідей түрге еніп, табиғат осылайша пайда болған. Табиғат деген сөз жер Ана, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Осы су сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?
Оқушылар су дегенде көз алдына не елестейтінін жазады. Оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді айқындалады. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Оқылым мәтіні. От пен су ертегісі Бір күні от пен су кездесіп қалды. От судан: - Қайдан келе жатырсың?-деп сұрады. Су оттың сөзіне ашуланып: - Сенің ағайындарың жеті жұртты құртқан жұт әкелетін жалмауыздар, бір үйді ыстық алауына орап, күл - талқан етті! - деді. От: - Суеке, оған менің қатысым қанша? - деп еді, су одан бетер айқайлап. - Бір күшейіп алсаң, айналаңа дес бермей, көзің тоймай бәрін бірақ жалмағың кеп араның ашылады да тұрады! - деді. Сонда от: - Ай Суеке, талай жерді, талай елді, тіпті Адамзатты төсіңнің астына сап, басып қалғаныңды ұмытасың ау. Көктем болса болды арнаңнан құтырына асып, өткел бермей талай елді қан қақсатқан сен емей мен бе?-деді қалыспай. Әбден ашуға булққан су: - Енді сенің үніңді біржолата деді өшірмесем бе, Су атым құрысын, - деп бар пәрменімен Оттың үстіне шапшыды.» Су бір айла жасар–ау» деп дайын тұрған От сытылып қаша жөнелді. Су өкшелеп қуа берді. Жан екпінмен қашқан От алып Орманға тығылды.Сол сәт Орман ағаштары қызыл алауға оранды. Енді судың жұмысы одан әрі көбейді. Ол орман ағаштарын өшіріп болам дегенше бойынан қауқар кетіп әбден әлсіреді. Ең соңғы демін салып Отты шала-пұла сөндірді де есінен тана жығылды. От шала бықсып, жатты да бірте-бірте күш ала бастады. Су қатты шошынайын деді. Ол Оттан: - Отеке, бір ашуыңды маған бер мен әбден таусылып, әлсіреп жатырмын. Орманды өртей көрме, - деп жалынды. Сонда От: - Жақсылықты жалғыз өзің жасап жүргендей кеп маған кеудеңді көтересің. Бұл дүниеде екеуміздің де өз орнымыздың барын мойындағың келмейді. Орманды алауыма орайым деген ниетім болған жоқ. Сен ашуға алдырған соң өлмеудің амалын жасадым, өмірімді қорғадым. Егер сен килікпегенде бұл орман жайқалып тұрар еді. Одан да сен еңсеңді көтер, орманды суар, күш аласың, - деді. Дұрыс айтасың,-деген Су Оттың бетіне қарауға шыдамай алмай Орманды жағалап ағып бара жатты. Суға қарап тұрған Оттың құлағы Су айтқан мына сөзді естіген еді. «От досым, мен ағаттық жасадым. Егерсен болмасаң Адамзат қалай жылынар еді. Әрбір үйге нұр шашып, жылу ұялатасың. Мен пақыр күнәмді өтеп, мына жайқалған орманды қайта қалпына келтіремін. Мені кешіріңдер» Су сөзі бара-бара көмескеленіп, мүлдем естілмей кетті. - Су бар жерде ну бар. Әлі-ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық. Енді қателік жасап алудан сақтанайық. Сен сол арнаңды асырмай, болмаса кемімей тыныш аққан күйіңде қал. Ал, мен дүрілдеп-дүркіремей күшімді шақтап жұмсауға уәде беремін,-деп сыбырлады. От сөзін жел қағып Суға жеткізді. Содан бері Су күш –қуаты бойына сыймаған күні әлемді кеудесіне баспай тарам-тарамдарға бөлініп, кетуге тырысып келеді. Ал От күшін Орман ағаштарының өзі алауына ораған, жас өмірін қиып түскен қиындыларына бөліп берді. 1-тапсырма. - От пен су не себепті бір-бірімен келіспей қалды? - Ол екеуінің бір шешімге келуіне не әсер етті? - Ертегіден қандай ой түйдіңдер? 2-тапсырма. Мәтін негізінде төмендегі кестені толтырыңдар:
3-тапсырма. Сен қаладан ауылға көшіп бардың. Суды үнемдеу – сен үшін жат қылық болып есептеледі. Суды үнемедеу не үнемдемеу керектігі туралы келісу не келіспеу эссесін жаз. Эссе жазу барысында көркемдегіш құралдарды орынды қолдан. | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия «Таңдау» әдісі.1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім _____________ үйренгенім аз болды.3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.4. Мен сұрақтарға жиі ______________ сирекжауап бердім.5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. | |||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||
Дифференциация Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі. | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады Слайд-презентация пайдаланылады | ||||||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?