Судың қасиеті. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ
Сүлеймен – көне Израиль мемлекетiнiң ең соңғы патшасы. Бiздiң заманымызға дейiнгi 961-898 жылдар аралығында өмiр сүрiп, билiк жүргiзген. Осы кезеңде елде мамыражай күн туып, халық тыныштықта өмiр сүрiптi. Оны халық «Су иесі» деп те атайды.
Сүлеймен бала кезiнен алғыр, ұшқыр ойлы, зейiндi, аса сезiмталдығымен көзге түседi. Осы қасиеттерiн байқаған әкесi басқа, жасы үлкен ұлдары бола тұра, оны Тақ мұрагерi етiп жариялайды. 16 жасында патша атанады. Жастығына қарамастан, өте әдiл шешiмдi, әке өсиетiне адал билеушi болады.
Әкесi билiк айтқанда, Сүлеймен қасында отырады екен. Бiрде жанжалдасқан екi адам патшаның алдына келiп жүгiнедi. Бiрi:
– Мына кiсiнiң қойлары менiң атызыма кiрiп кетiп, таптап тастады, – дейдi. Дәуiт патша қой иесiне қарайды.
– Рас, тақсыр!
– Ендеше, атыздың иесi шеккен шығыны үшiн қойларды алсын! – дейдi.
Сонда Сүлеймен тұрып:
– Дат, тақсыр! Мен басқаша кесiм айтқан болар ем, – дептi.
– Айт!
– Қойдың иесi атызды алып, бұрынғы қалпына келтiрсiн. Атыз қалпына келгенше, оның иесi қойларды сауып, сүтiн пайдалана тұрсын. Содан соң атыз өз иесiне, қой өз иесiне қайтарылсын!
Баласының әдiл қазылығына риза болған әкесi:
– Менiң дәуренiм өткен екен. Сен кемелiңе келiпсiң. Аузымдағы сөздi, алдымдағы дауды ендi сен ал! – деп тағына отырғызса керек.
ttp://zhasorken.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?