Қазақстанның су ресурстары. Балқаш көлі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар | ||||||||||||||
САБАҚ: Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде) | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанның су ресурстары. Балқаш көлі | |||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.1.3.1.- тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау | |||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, қажетті ақпараттарды анықтайды. Берілген тақырып бойынша сенімді жауап береді. | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тірек сөздер. Көл – айналасы табиғи не жасанды түрде тұйықталған, дөңгелек не сопақша біткен су айдыны; Аумақ – атырап, аймақ, алқап немесе территория; Бөлік – бірнешеге бөлінген тұтас нәрсенің бір бөлігі; Ащы – тұщы емес, тұзды, сор дәмі бар; Тұщы – тұзы жоқ, ішуге жарамды (су). | |||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Су тақырыбымен алдыңғы сабақтардан таныс. | |||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | Қызығушылықты ояту. Сан есімдерді қайталау үшін мұғалім оқушыларды щеңбер бойына тұрғызады. Оқушылар тұрған реті бойынша сандарды дауыстап айтып, алақандарын ұру қажет. Алайда «3-ке» бөлінетін, «3-пен» аяқталатын сандар кездескен кезде үнсіз тұрып қалады. Мысалы: 1,2, 3 (үндемейді), 4, 5, 6 (үндемейді). Сүйтіп 28-ге дейін жалғастырады. Егер оқушылар байқамай шапалақ ұрып қойса, ойын басынан басталады. Сергіту сәті аяқталған соң, мұғалім оқушыларды шағын топтарға бөледі. Оқушылар топта тапсырмада берілген сұрақтарды талқылайды. Мұғалім сұрақтар бойынша оқушылармен кері байланыс жасай отырып, сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстырады. Тірек сөздердің мағынасын түсіндіріп кетеді. | Таныстырылым | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 5 минут | Мәтіналды тапсырма. 1-тапсырма. Оқушылар топта сұрақтарға жауап бере отырып, Балқаш көлін суреті бойынша сипаттап көреді. Тірек сөздерді қолданады. Өз болжамдарын топта бір-бірімен салыстырып көреді. Мәтінмен жұмыс тапсырмасы. 2-тапсырма. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды және аудионы толық қосады. Оқушылар сұрақтарды оқи отырып, жауабын жазып отырады. Тапсырманы жеке орындайды. Жауаптары қысқа ғана жазылса жеткілікті. Тыңдалым аяқталған соң мұғалім сыныппен бірге сұрақтардың жауабын тексереді және оқушылар жасаған болжаммен салыстырады, талқылайды. Таныс емес сөздерді түсіндіреді. 3-тапсырма. Мұғалім аудионың бірінші бөлігін қайта қосады. Оқушылар тапсырманы жеке орындай отырып, кестедегі сөйлемдердің тұсына «шын», «жалған» сөздерін белгілеп отырады. Тыңдалым аяқталған соң мұғалім сыныппен кері байланыс жасап, дұрыс жауаптарын тексереді. 4-тапсырма. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Алдымен тапсырма шарты мен сұрақтарын оқып шығады. Мұғалім аудионың екінші бөлігін қосады. Оқушылар мәтінді тыңдай отырып, жауабын дәптерге белгілеп отырады. Тыңдалым аяқталған соң мұғалім оқушылармен кері байланыс жасай отырып, дұрыс жауаптарын тексереді. Әсіресе, сандардың дұрыс айтылуына назар аударады. Балқаш көлі туралы сұрақтар қоя отырып, түсінгендерін сұрайды.
| Дидактикалық материал Дидактикалық материал | ||||||||||||
Сабақтың соңы 10 минут | Мәтіннен кейінгі тапсырма. 5-тапсырма. Мұғалім топ оқушыларына жергілікті көл туралы шағын мәтіндерді үлестіреді. Оқушылар топта мәтінді оқып шығады және тапсырмадағы сұрақтар бойынша жауабын белгілеп алады. Сонымен қатар, тапсырма сұрақтары бойынша постер дайындайды, ақпараттарды қысқаша жазады. Ал плакатты безендіру және таныстыруды топ мүшелері өздері таңдайды. Оқушылар дайындалып болған соң, сынып оқушыларының алдына шығып постерді таныстырады. Ал басқа топ оқушылары тыңдап болған соң, жасалған жұмысқа «екі жұлдыз, бір тілек» түрінде баға береді. | |||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?