Қазақстанның су ресурстары. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 9 сабақ


1-таратпа

Тақырыпқа байланысты сөздердің мағынасы

Айдын - жайылып жатқан су алабы.

Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты суы, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.

Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданатын саласы.

Тұйық көл – жер бетімен де, жер асты жолымен де ешқандай су ағып шықпайтын көл, ылғал негізінен булануға шығындалады.

2-таратпа

 Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов (1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагері. Майданнан қайтқан жас офицер Әбдіжәміл туған жерінедеген сағынышын, оған деген махаббатын «Қан мен тер» романы арқылы, Арал теңізінде балық аулап күн көрген халық тірлігі арқылы жеткізеді.

 «...Әлі күнге бір бүйірің ауыл өміріне бұрып тұрады. Қанша қашыққа шырқап кетсең де, бойыңдағы бір тамырың туған жеріңнің топырағында бүлк-бүлк етіп соғып жатқандай. Кей күні... сен әлденеге өзек аузында жалғыз үй отырған балықшы шалдың қамыс қосын, жұпыны жиһазын, жалпылдақ шамын есіңс аласың. Өз үйің жайнап тұрса да, саған осынау балық сасыған кішкентай қос ыстық. Қос ішінде, ақ иық қылған ауыр еңбектен болар, жан әкең сілесі қатып шаршаған. Күнге күйген жылтыр қара бетінде қалжыраған ажар бар. Үні де қалжырап ақырын шығады. Сол кезде қара пұшық бала әлдеқайдан жүгіре кеп отырса болғаны, оның әжім беті іштей нұрланып елжіреп қоя береді» дейді жазушы.

 Жазушының «Қан мен тер» романының дүниеге келу сыры осы сөздерде жатыр. «Қан мен тер» трилогиясы «Ымырт» (1961), «Сергелдең» (1964), «Күйреу» (1970) романдарынан тұрады.

3-таратпа

4-таратпа

«Синквейн» үлгісі

1. Зат есім немесе есімдік.

2. Тақырыпты сипаттайтын екі сын есім.

3. Тақырыпқа байланысты әрекетті білдіретін үш етістік.

4. Тақырыпқа байланысты автордың ойын білдіретін төрт сөзден тұратын сөйлем.

5. Тақырыпты қорытындылайтын бір сөзден тұратын атау (синоним).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу