Қазақстанның су ресурстары. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Қазақ тілі (оқыту тілі қазақ тілінде)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның су ресурстары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.1.1.- мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.

 Сабақтың мақсаттары

Арал туралы кестедегі мәліметтерді талдайды, баға береді.

 Бағалау критерийлері

- кестедегі мәліметті талдай алады;

- ондағы берілген мәліметтерге баға бере алады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер:

балық шаруашылығы, су қоры, тұйық көл, су айдыны.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Осыған дейін меңгерілген білім

«Кәсіп – бақыттың шырағы,

Еңбек – ырыстың бұлағы» бөлімі бойынша қалып- тасқан дағдылары мен білімдеріне сүйенеді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Миға шабуыл

- Мына суреттерден ортақ нәрсе табуға бола ма?

- Не себепті олай ойлайсыз? Ойыңызды дәлелдеңіз.

Оқушылар сурет бойынша Қазақстанның су ресурстары тақырыбына байланысты география пәнінен алған білімдері негізінде өз ойларын дәлелдеп жеткізеді.

Мұғалім оқушылардың талқылауын қорытындылай келе сабақтың тақырыбын хабарлайды, сабақ мақсатымен таныстырады.

Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

1-5-слайд

https://kk.wikipedia.org/

Қазақстанның су ресурстары

Сабақтың ортасы

5 минут

12 минут

8 минут

Айтылымға дайындық тапсырмасы.

«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі

Мұғалім «балық шаруашылығы», «су қоры», «тұйық көл», «су айдыны» деген сөздердің мағыналарын параққа жазып, қабырғаға іліп қояды.

Оқушылардың қолдарына «балық шаруашылығы», «су қоры», «тұйық көл», «су айдыны» деген сөздерді карточкаға жазып береді.

Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы сөзге қатысты жауап парақты табады. Жауап парақтан карточкаға жазылған сөздің мағынасын бірлесіп талқылап түсініп алады.

Дескриптор:

- тақырыпқа байланысты сөздердің мағынасын анықтайды;

- оларды сөйлеуде қолданады.

Мұғалім 2-таратпасын пайдаланып, айтылым тапсырмасының алдында Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы туралы қысқаша мәлімет (2 минут) береді.

Айтылым тапсырмасы.

Оқушылар 3-таратпада тұтас емес мәтіндегі берілген ақпаратты пайдалана отырып, «Қазақстанның су ресурстары: - Арал теңізі» деген тақырыпта бүгінде тартылып қалған су айдынын сипаттап айтыңыз. Сөйлейтін сөзіңіз 40-50 сөз көлемінде болу керек.

Дескриптор:

- кестеде берілген мәліметтерді оқиды;

- Арал теңізін сипаттау үшін кестеден кем дегенде 4-5 мәлімет қолданады;

- 40-50 сөз көлемінде сипаттау мәтінін құрастырады.

Айтылымнан кейінгі тапсырма.

«Синквейн»

Арал теңізі туралы бес жолды өлең құрастыру. Оқушыларға 4-қосымшада берілген «Синквейн» үлгісі ұсынылады.

1. Зат есім немесе есімдік.

2. Тақырыпты сипаттайтын екі сын есім.

3. Тақырыпқа байланысты әрекетті білдіретін үш етістік.

4. Тақырыпқа байланысты автордың ойын білдіретін төрт сөзден тұратын сөйлем.

5. Тақырыпты қорытындылайтын бір сөзден тұратын атау (синоним).

Дескриптор:

- «Синквейн» талабын сақтайды;

- Арал теңізі туралы өз ойын жинақтап айтады.

6-слайд

1-таратпа

2-таратпа

http://kitap.kz/reader/qan_men_ter_i_kitap

Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы

3-таратпа

7-8-слайд

9-10-слайд

4-қосымша

Сабақтың соңы

10 минут

Кері байланыс

Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді:

Мына ... оқушылардың жауаптарының мына тұстары ұтымды болды.

Мына сұрақ бойынша әлі де ... жетілдіру керек.

Рефлексия. «Табыс ағашы»

Кестеден алған ақпараттары бойынша рефлексия жасайды.

11-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу