Су қасиеті. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 10 сабақ
Тыңдалым мәтіні:
Түрген шатқалы – Алматы қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан, Іле Алатауының көрікті жерлерінің бірі. Табиғи саябақтың тауы мен орманы көрікті, ауасы таза, суы шипалы. Түрген шатқалы флора мен фауна әлеміне өте бай.
Түргенде барлығы жеті сарқырама бар. Биіктігі мен әдемілігіне қарай мұндағы екі сарқырама қалғандарынан ерекшеленеді. Соның бірі «Аюлы» сарқырамасы. Бір кездері мұнда аюлар көптеп мекендегендіктен «Аюлы» деп атайды. Сарқыраманың биіктігі 40 метр. Саяхатшылардың көпшілігі осы сарқыраманың маңында демалғанды ұнаиады. Географтардың болжамы бойынша, сарқыраманың жасы екі миллион жылға жуық.
Ал «Қайрақты» сарқырамасының биіктігі 55 метрге жуық. Сарқыраманың ағу қарқыны соншалық, тіпті жартастан туннель жарып шығарған екен. Дәл осы туннельді көргісі келетіндердің саны өте көп.
Түргеннің табиғаты адамзат тарапынан аса өзгеріске ұшырай қоймаған, табиғи қалпын барынша сақтап қалған. Адам баласы үшін мұндай жерлерді аялап қорғау қажет.
Жауаптары:
2-тапсырма бойынша
1. Түрген шатқалындағы сарқырамалар
- Жалпы көпшілікке, барлық адамдарға
- Алматыда, Іле Алатауында
- 7 сарқырама, «Аюлы» және «Қайрақты»
- Мақтанышпен, «тауы мен орманы көрікті, ауасы таза, суы шипалы, табиғи қалпын барынша сақтап қалған» сөздерінен байқауға болады.
3-тапсырма бойынша
1. 70 шақырым 2. Шипалы 3. Флора 4. Жеті 5. Екі 6. Аюлы 7. Қырық 8. Екі миллион 9. Елу бес 10. Туннель 11. Табиғи.
Қосымша ақпарат:
Түрген – қазақ жеріне берілген табиғаттың тартуы
«Жер жәннаты - Жетісу» атанған Алматы облысының табиғаты сан алуан. Бұл аймақтан қаңсыған шөлді де, көсіле аққан көлді де, зәулім тауды да кездестіруге болады. Сондықтан, Алматы облысының көркем табиғатын тамашалауға еліміз бен шет елден келушілер саны күннен-күнге артып келеді.
Түрген шатқалы – Алматыдан шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан, Іле Алатау табиғи паркінің көрікті жерлерінің бірі саналады. Табиғаты көрікті, ауасы саф, суы таза Түрген шатқалы флора мен фауна әлеміне өте бай. Мұнда құрғақшылыққа төзімді Семенов үйеңкісі, Мушкетов кургавкасы, жабайы өрік ағашы, Сиверс алмағашы, қайың мен терек, қылқанжапырақтылардың түрлері, оның ішінде шырша қаулап өседі. Түргенде бұтасын өсімдіктерден қарақат, бөріқарақат, таңқурай, бүлдірген, қойбүлдірген, итмұрын т.б. өседі. Жануарлардан қоян, борсық, тиын, қабан, тауешкі, қасқыр, аюды және жылан мен құстың түрлерін кездестіруге болады.
Түрген шатқалы тек демалуға ғана емес, емделуге де өте қолайлы жер. Іле Алатауынан бастау алатын Түрген өзенінің ағысы қатты, орташа ағу жылдамдығы 3 м/с. Өзеннің жағалауын қаулай Тянь-Шань шыршасы өседі.
Мұнда рафтинг спорты бойынша үнемі жарыстар ұйымдастырылып отырады. Түрген өзенінің сол жақ жағалауындағы магистраль жолынан 19 км. қашықтықта аса терең жерден шығып жатқан жылы киелі бұлақ суы ағзаға өте шипалы болып саналады. Шатқалдағы патша форелін, сазан мен тұқы балығын өсірумен айналысатын шаруашылық, тұйеқұс шаруашылығы мен атқа мініп саяхаттау туры да келушілерді өзіне тартып тұрады.
Түргенде барлығы жеті сарқырама бар. Биіктігі мен әдемілігіне қарай мұндағы екі сарқырама қалғандарынан ерекшеленеді. Соның бірі «Аюлы» сарқырамасы. Бұрындары мұнда аюлар көптеп мекендегендіктен «Аюлы» атауына ие болған. Оның биіктігі 40 метр. Саяхатшылардың басым бөлігі дәл осы сарқыраманың маңында демалады. Географтардың болжамы бойынша, сарқыраманың жасы екі миллион жылға жететін көрінеді.
«Қайрақты» сарқырамасының биіктігі 55 метрге жуық. Сарқыраманың ағу қарқындылығының басымдығылы соншалық, тіпті жартастан туннель жарып шығарған екен. Дәл осы туннельді көруге ниет білдірушілердің саны өте көп.
Сарқырамаға барар жолда Шыңтүрген шыршалы орманы кездеседі. Шыршалар қынаның үстінде өсуімен ерекшеленеді.
Ғалымдардың айтуы бойынша мұз дәуірі кезеңінде шатқалға күн сәулесі түспегендіктен жарық пен құнарлы топырақты қажет ететін шыршалар жерде өсе алмай, қынада өсуге бейімделген екен. Шыңтүрген қына шыршалары табиғи ескерткіш болып саналады, ол ЮНЕСКО мен мемлекет қамқорлығына алынған.
Түргеннің табиғаты адамзат тарапынан аса өзгеріске ұшырай қоймаған, табиғи қалпын барынша сақтап қалған. Сондықтан оның қазіргідей керемет баз қалпын құртпай, болашақ ұрпаққа жеткізу өзіміздің ғана қолымызда екенін ұмытпайық!!!
Дайындаған: Құлжанбай тегі Арайлым
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?