Су қасиеті. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Қазақ тілі (оқыту тілі)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Су қасиеті

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.1.1 мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжау

 Сабақтың мақсаттары

Иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды;

Тақырып бойынша сөздерді қолданып, ауызша мәтін құрады.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер. Шатқал - таулы өлкелерге тән, түбі терең әрі тар, беткейлері тік аңғар.

Саябақ -  серуендеу, демалыс мақсаттарына арналған, табиғи  немесе қолдан өсірілген жасыл желекті жер телімі.

Қарқын - екпін, жылдамдық, шапшаңдық.

Табиғи - жасанды емес, табиғатқа тән.

Шипалы су - құрамында емдік қасиеті бар минералды су.

Осыған дейін меңгерілген білім

Су тақырыбымен алдыңғы сабақтардан таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

Мәтіналды тапсырма.

1-тапсырма. Мұғалім оқушыларды төрт оқушыдан тұратын топтарға бөледі және алдыңғы сабақпен байланыстыра отырып, сарқырама туралы тапсырма сұрақтарын қояды. Оқушылар топта сұрақтарды талқылайды, барлық топтар дайын болған соң, мұғалім сұрақтар бойынша кері байланыс жасайды. Өткен сабақта әлемдегі ең биік сарқырамаға саяхат туралы айтылған болса, осы сабақта еліміздегі Түрген сарқырамалары туралы ақпарат алатынын айтып өтеді. Тірек сөздермен таныстырып, олардың мағыналарын түсіндіреді, тақтаға тізіп жазады.

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

5 минут

Мәтінмен жұмыс тапсырмасы.

2-тапсырма. Оқушылар алдымен тапсырма сұрақтарын оқып шығады және берілген суреттермен танысады. Мұғалім оқушылардың сұрақтарды дұрыс түсінгендерін тексереді және суреттерге қарап мәтін не туралы болатынын болжатады. Аудионы қосқан кезде оқушылар мәтінді тыңдап, сұрақтарға қысқаша жауап береді. Жауаптарын топтағы оқушылармен салыстырады. Оқушылар тапсырманы аяқтаған соң, мұғалім сұрақтардың жауабын тексереді, тақтаға жазады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлары

Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау

Суреттер арқылы көтерілетін мәселені болжайды.

болжамын мәтін мазмұнымен салыстыра алады.

3-тапсырма. Бұл тапсырма оқушыларды мәтін мазмұны бойынша жоспар құру тапсырмасына дайындайды. Тапсырмада мәтіннің негізгі мазмұны қысқартылып берілген. Бұл оқушыларға мәтінде негізгі ойды жеткізуге көмектеседі. Оқушылар тапсырмадағы мәтінмен танысып, қандай сөздерге назар аудару керек екендерін топта талқылайды. Мұғалім аудионы қосқан кезде, оқушылар мәтінді мұқият тыңдай отырып, бос орындарды қажетті сөздермен толықтырады. Тапсырма аяқталғасын топта жауаптарын салыстырады. Мұғалім тапсырма бойынша дұрыс жауаптарын тексереді.

Бұл тапсырма жеке және топтық жұмыс.

Таратпа материал

https://kitap.kz/

Таратпа материал

Сабақтың соңы

10 минут

Мәтіннен кейінгі тапсырма.

4-тапсырма. Оқушылар топта сұрақтармен танысады және талқылайды. Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін мазмұны бойынша жоспар құрады және жоспарды қажетті ақпараттармен толықтыра алады. Ақпараттарды тыңдалым тапсырмасында ұсынылған мәтіннен ала алады. Құрылған жоспар бойынша әр оқушы мәтін мазмұнын айтуға дайындалады. Мұғалім топтарға бақылау жүргізе отырып, тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріп, бағыт-бағдар береді. Оқушылардың тапсырма бойынша дайындығы аяқталған соң, мұғалім әр оқушыдан сұрап шығады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу