Қазақстанның су ресурстары. Су – өмірдің нәрі. Қазақ тілі, 6 сынып, дидактикалық материал. 10 сабақ


1-тапсырма

Өсу

Қоректену

Нәр алу

Қолдану

өмір сүру

көлемі ұлғаю, арту 

пайдалану

азық, күш-қуат жинау

Тіршілік ету

ағзаға қажетті нәр алу

2-тапсырма

Су – өмірдің нәрі

 (А) Су — бұл шексіз теңіздер мен мұхиттар, ағысты өзендер мен мөлдір көлдер. Барлық тіршілік иелері су арқылы өсіп өнеді. Орман, даладағы өсімдіктер көктеп, жасыл желекке оранады. Ал жануарлар жасыл шөп, өсімдіктермен қоректеніп нәр алады. Сонымен қатар, суда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар да бар. Олар суда еріген оттегімен тіршілік етеді. Адамдар да суды түрлі мақсатта, түрлі салада қолданып, пайдасын көреді.

 (Ә)Бірде-бір тірі ағза сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабағы арқылы жапыраққа жеткізеді. Топырақтың құнарлығын арттыру үшін де су қажет. Су арқылы топырақтағы өсімдіктер шіріп, қарашірік пайда болады. Ал қарашірік өсімдіктердің тез өсуіне көмектеседі. Көптеген бау-бақша өсімдіктері суарған кезде өнім береді.

(Б)Адам өмірінде суды тек ішіп қана қоймайды. Күнделікті өмірде су тамақ пісіру, жуыну, тазалау, өмірінің барлық сәтінде қолдану үшін қажет. Сонымен бірге адамзат суды кәсіптің барлық саласында қолданады. Мысалы: балық аулау, егін егу, теңіз-мұхиттар арқылы кемемен жүк тасу, кемемен саяхаттау, зауыт-фабрикаларда әртүрлі заттарды жасау. Осының барлығы судың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Берілген тақырыптарды абзацтармен сәйкестендіріңдер. Екеуі артық.

  • Судың тіршілік иелері үшін маңызы.
  • Судың өнеркәсіптегі маңызы.
  • Жабайы өсімдіктердің түрлері.
  • Өсімдіктер үшін судың рөлі.
  • Судың адамзат үшін пайдасы.

Абзац А - ...

Абзац Ә - ...

Абзац Б - ...

3-тапсырма

Мәтінді қайта оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

  • Су астында өмір сүретін жануарлар суда қалай тіршілік етеді?
  • Өсімдіктер топырақтағы минералды заттарды қалай қабылдайды?
  • Қарашірік өсімдіктерге не үшін қажет?
  • Суды адамдар кәсіптің қандай салаларында қолданады?

4-тапсырма

Дәптерлеріңе кестені сызып, қажетті ақпараттармен толтырыңдар.

Адамдардың суды күнделікті өмірде қолдануы

Адамдардың суды кәсіпте қолдануы

Судың өсімдіктер мен жануарлар үшін пайдасы

1.

1.

1.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу