Абылай хан. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Тарихи тұлғалар

Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абылай хан

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.4.1 Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.

Сабақтың мақсаты

Мәтіндермен жұмыс істей отырып, тақырыбын, тідік ерекшеліктерін, мазмұндарын салыстыруға үйрену.

 Бағалау критерийлері

  • екі түрлі стильдегі мәтіндерді тақырыбы, мазмұны және тілдік ерекшелігі бойынша салыстыра алады.

 Тілдік дағдылар

Шежіре, жан сақтау, хан тұқымы, шыққан тегі.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут

- автордың жеке көзқарасы мен пікірі болмайды;

- дәлдік пен нақтылық сақталады;

- сөйлемдегісөздердің орын тәртібі қатаң сақталады;

- мәтін баяндау ретінде келеді;

- сөздер тек өзінің тура мағынасында қолданылады;

- экспрессивті сөздер қатыспайды.

Сәйкестендіру.

1

Публицистикалық стильдегі ақпараттық мәтін

2

Ауызекі стильдегі мазмұндау мәтіні

Слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға шақырады.

 Шыңғыс хан 1224 жылдың күзінде ордасынан шығып, шығысқа қарай бет алады. Үш ұлы әкесімен бірге еріп шығады да, бірбеткей тұңғыш ұлы Жошы Қыпшақ даласында қала береді. Әкесі онымен қоштасарда былай деді: «Сені бөлек қалдырамын, менің шаңырағым мен мал-мүлкімнің жартысына қорған, бас-көз болуың үшін».

 Әкесінің үмітін ақтау үшін Жошы бірден іске кіріседі.Қираған қалаларды қалпына келтіріп, онда халық орналаса бастайды. Ең алғашқылардың бірі болып Үргеніш тұрғызылады, онымен қатар бүкіл теріскей Хорезм жаңарады...

 Бір күні бас ордаға моңғолдың маңғұт тайпасынан біреу келіп, Жошы ұлысының жерімен өткенде, аң аулап жүрген Жошыны көргенін жеткізеді... Ұлы ханға тұңғышы Жошының қайтыс болғаны жайлы суық хабарды бас кеңесшісі Ұлұғ жыршы жеткізеді...

 Ұлы хан тек сол кезде ғана айналасын өрмекшінің торындай боп залымдық пен қитұрқы өсек-аяң қаптағанын түсінген секілді. Бірақ жасы егде тартқан шағында өзі де сол торға түсерін білмеді. Қайғы жұтқан азалы әке былай деп зар иледі: «Құлынынан айырылған құландай болдым, жаным жаралы. Балапанынан айырылған құладындайболдым, қайда менің баһадүр ұлым».

 Мына сөзді естіген ордадағы бектер мен нояндар жабыла көңіл айтып, дауыс салуға бастады. Бірақ болар іс болған еді.

Жошы қасиетті Ұлытаудың етегіне жерленіп, басына үлкен мазар тұрғызылды. «Алтын Орда хандары»

Мәтінді түсініп оқығаннан кейінгі тапсырма ретінде мынадай тапсырма ұсынылады:

  • Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды табыңыздар.

негізгі ақпараттар

себебі...

қосымша ақпараттар

себебі...

детальді ақпараттар

себебі...

2. «Блокбастер» торының стилін анықта:

 - негізгі ақпараттарды таңда;

 - лайықты терминдерді пайдалан;

- жалқы есімдерді кіріктір;

- сан есімдерді қолдан.

ДЕСКРИПТОРЛАР

  • мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды табады;
  • детальді ақпаратты анықтайды;
  • ақпараттарды жіктейді;
  • жіктеу себебін түсіндіреді.

«Алтын Орда хандары»

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.

«Дауыстап айтылатын ой» стратегиясы арқылы оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын ортаға салады.

Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу