Абылай хан. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 1 сабақ


1

Публицистикалық стильдегі ақпараттық мәтін

2

Ауызекі стильдегі мазмұндау мәтіні

- автордың жеке көзқарасы мен пікірі болмайды;

- дәлдік пен нақтылық сақталады;

- сөйлемдегісөздердің орын тәртібі қатаң сақталады;

- мәтін баяндау ретінде келеді;

- сөздер тек өзінің тура мағынасында қолданылады;

- экспрессивті сөздер қатыспайды.

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі сақталмайды.

- сұраулы, лепті, толымсыз, риторикалық сұраулы сөйлемдер қолданылып, диалогқа құрылады;

- диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, эмоционалды-экспресивті сөздер, эвфемизм еркін қолданылады;

- дыбыстар түсіріліп айтылады.

А мәтіні

 

 Абылай (Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай сұлтан, Абылай баһадүр) хан –қазақтың белгілі ұлы хандарының бірі. Ол 1711 жылы дүниеге келген. Шежіреге қарағанда Әбілмансұрдың әкесі Уәли Түркістанды билеген кезінде шайқастардың бірінде қазаға ұшыраған. Ханның сенімді көмекшілерінің арқасында Әбілмансұр аман қалған екен. Осы қырғыннан оны Ораз аталық дейтін адам алып шығады. Сөйтіп Абылай көшпелі қазақ ішінде жан сақтайды.

 Қазақ ішінде кең тараған аңыз-әңгімелерге қарағанда Абылай көпке дейін өзінің шыққан тегін, өзінің хан тұқымынан екенін жасырып келген. Үйсін Төле бидің түйесін бағып жүріп, Сабалақ деген ат алады. Төле би үсті-басының тоз-тозы шыққан, шашы өскен түйеші балаға осы есімді қойған екен-мыс. Алайда көреген дана би Сабалақтың жай тұқымнан емес екенін түсінген.

 1729 жылы жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасында Сабалақтың аты шығып, алғаш көзге түседі. 1733 жылы болған соғыстардың бірінде жеңіске жетеді. Ол XVIII ғасырдағы қазақ халқының ұлы билеушісі ретінде аталады.

Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж.

 

Ә мәтіні

 

 Қазақ-қалмақ екеуі беттесіп соғысқа келіпті. Қалмақтан бір батыр шығыпты жекпе-жекке. Қазақтан оған қарсы ешкім шықпапты. Қанжығалы Бөгембай батырдың жасы сексенге келген кезі екен. Жекпе-жекке өзі шықпақ болыпты ғой содан. Сол кезде Сабалақ жетіп келіп:

- Мен барайын, ата, - депті.

Батыр:

- Барсаң бар, балам! - депті.

 Сабалақ «Абылай, Абылай!» деп ұрандатып жауға қарсы шауыпты. Найзамен екеуі бірін-бірі алалмай, ат үстінен жағаласып қанжарласыпты. Сол жерде Абылай қалмақтың батырын аттың үстінен жұлып әкетіп, басын кесіп алыпты. Қалмақтар мұны көрген соң қаша жөнеліпті. Батырың қашқан қалмақтарды қиратып салыпты.

 Қазақтарды бастап келген Әбілмәмбет хан екен. Соғыс біткен соң:

- Жаңағы қалмақтың батырын жыққан бала қайда? - дейді.

Біреу ертіп келіп:

- Міні, ол бала, міні, - депті.

Әбілмәмбет аттан қарғып түсіп:

- Біздің Абылайдан жетім қалған бала бар деп еді. Атаңды айтып ұрандағанда сай-сүйегім сырқырады ғой, сен солмысың? – деп жылап қоя беріпті.

- Мен қайдан білейін, болсам болармын, - депті Сабалақ.

Әбілмансұр жауға «Абылайлап» ұран шақырғаннан Абылай атанып кетіпті.

Мұсылманқұл Жиреншиннің Абайдың өз аузынан естіген әңгімесі

белгілері

дәлел

А мәтіні

тақырыбы

мазмұны

тілдік ерекшелігі

қорытынды

Дескрипторлар

  • екі мәтінді салыстырып тақырыбын екі сөйлеммен жазады;
  • мәтіндердің мазмұнын 5-6 сөйлеммен жазады;
  • мәтіндердің стильдік ерекшелігін танытатын 4-5 белгісін табады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу