Хан Кене. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 4 сабақ


Бұл сабақта

САРАЛАУ

 Бұл сабақта оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау жүзеге асырылады, себебі оқушыларға тұтас емес мәтінмен жұмыс жасауда, ондағы шартты белгілер және мәліметтермен танысуда жекелеген оқушыларға қолдау көрсетіледі. Ал, оқылымнан кейінгі тапсырмаларда негізгі, қосымша және детальді ақпараттар мен жеке, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді табуда да қосымша көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау білдіріледі.

 

 Оқылым алдындағы тапсырма мәтінмен жұмыс жасауда, мәтін мазмұнын жеңіл түсінуде көмегін тигізеді. Мәтінде кезедесетін ақпараттарды ой шақыру тапсырмасы ретінде ұсыну арқылы оқушылардың назары сабақ тақырыбына, мәтін мазмұнына аударылады. Бұл тапсырмада мәтіннен тірек сөздер ұсынылады, оқушылар тірек сөздерге сүйене отырып, мәтін мазмұнына болжам жасайды. Мұғалім сабақтың барлық кезеңінде, әр тапсырма сайын бағалап отыруға міндетті. Бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асырылып отырады. Бұл тапсырмада мұғалім сынып оқушыларының жауаптарына назар аударып, әр жауапқа баға беріп, кері байланыс жасап отырады.

 

 

 Оқылым тапсырмасында оқушыларға тұтас емес мәтін ұсынылады.Тапсырмадаоқушылар осыған дейін, мәтін мазмұнын болжауда қолданған ақпараттарын кездестіреді және «Кенесары көтерілісінің картасымен» таныса отырып, жаңа ақпараттар оқиды. Бұл тапсырманы бағалау үшін мұғалім оқушылар мәтінмен жұмыс жасап жатқанда сырттай бақылап, олардың жауаптарын қағазға түртіп жүреді. Тапсырма біткеннен кейін оқушылардың жұмыс жасауларына қарай кері байланыс береді. Бұл жерде мұғалім сыныптағы оқушылардың жақсы, дұрыс жауаптарымен қатар түзетуге тиіс жауаптарға да тоқталып өтуі тиіс.

 

 

 Оқылымнан кейінгі тапсырмада оқушылар мәтіннен негізгі, қосымша және детальді ақпараттарды анықтайды және жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып, орфографиялық нормаға сай жазады. Бұл тапсырмада мұғалім оқушыларға тапсырманы орындатпас бұрын саралау арқылы қосымша көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетеді. Тапсырманы орындау барысын жіті бақылап, бағалау критерийлері негізінде бағалайды және сындарлы кері байланыс береді.

Қосымша дерек көздері:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу