Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы. Қазақ тілі, 6 сынып, презентация. 6 сабақ


Тарихи тұлғалар

Сабақтың тақырыбы:

Ұлы Әмір Темірдің басты туындысы

Оқыту мақсаты:

6.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.

Бағалау критерийлері:

тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді;

мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Орта ғасырдағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы не білесіңдер?

Өзің білетін ақпаратыңмен топта бөліс.

Қалай ойлайсыздар, мұндай ескерткіштер, кесенелер рухани орталық бола ала ма?

Қазақ жеріндегі сәулет өнері жайында түсірілген қандай бағдарламаларды білесіңдер?

Тыңдайық және жауап берейік

а) Мәтін мазмұны бойынша қойылатын жалпы сұрақтар:

Мәтін мазмұны кім/не туралы?

Кесененің сәулет өнері тарихындағы алатын орны қандай?

Түркістан жеріне ат басын тіреушілердің мақсаттары қандай?

ә) Мәтін мазмұны бойынша нақты сұрақтар:

Түркістан қаласының ежелгі атауы?

Қожа Ахмет Яссауи кешенінде қандай қосалқы орындар бар?

Қожа Ахмет Яссауи кім болған?

Аустралияның солтүстігінде орналасқан Кэрнс қаласынан келген туристің есімі кім?

Гарридің Қазақстанға келгеніне қанша уақыт болды?

Аңыз бойынша, қай жылы Әмір Темір мемориалдық кешен салмақшы болады?

Ақсақ Темірдің сәулетті ғимаратты салудағы басты мақсаты не?

Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру үшін берілетін сұрақтар:

ЮНЕСКО-ның шешімімен дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген қандай ескерткіштерді білесіздер?

Қожа Ахмет Яссауи кешені не себепті осы тізімге енгізілген?

Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи туралы жазылған қандай көркем шығармаларды, аңыз әңгімелерді, өнер туындыларын білесіңдер?

Жолың түсіп Түркістанға бара қалсаң, не істер едің?

Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи туралы бағдарлама түсірушілерге қандай кеңес айтар едің?

ДЕСКРИПТОРЛАР

тыңдалым тақырыбына қатысты ақпараттарды есіне түсіреді;

мәтін мазмұны бойынша қойылатын жалпы сұрақтарға жауап береді;

мәтін мазмұны бойынша қойылатын нақты сұрақтарға жауап береді;

мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.

Рефлексия

 

Мені ойландырғаны...

Менің пікірім...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу