Абылайдың үш арманы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 8 сабақ


Бұл сабақта САРАЛАУ

 Сабақ барысында барлық оқушыға бірдей тапсырма беріледі, бірақ әр оқушының жауабы әр түрлі болады және ол қабылданады. Тапсырма беру, оны түсіндіру шарты мен ынталандыру (кері байланыс арқылы) ортақ. Бәріне бірдей көнерген сөз, эвфемизм және дисфемизм туралы мәліметтер ұсынылып, бағалау критерийлері мен дискрипторлары да бірдей болады. Бірақ соған қарамастан оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады. Бұл алынатын нәтиже бойынша саралау болып табылады. Сонымен бірге тапсырманың орындалу барысында мұғалім кей оқушымен сұқбат құрады, оқушыны бағыттайды, қолдау көрсетеді. Бұл – оқушыларды диалог арқылы саралау, себебі кез келген оқушы үшін адами ресурс маңызды болып табылады.

Ой шақыру немесе тақырыпты болжау

 Мұғалім тақырыпқа байланысты бірнеше тірек сөзді тақтаға шашыраңқы етіп жазады. Тірек сөздер: хан, ел, арман, парыз, бастарын біріктіру, өкіну.

Оқушылардан келесі сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

- Сабақ не туралы болады?

- Мына сөздерге тағы қандай сөздер қоса аласыз?

- Қай сөз таныс емес?

- Таныс емес сөздерге анықтамалар беріңіз.

Бұл тапсырма сабақтың тақырыбын дұрыс болжауға бағытталады.

КЕРІ БАЙЛАНЫС, БАҒАЛАУ

«Серпілген сауал» әдісін қолданып, оқушылар бір-бірінің жұмыстары туралы сұрақ қою/жауап беру арқылы өзара бағалау жасайды.

- ... (оқушының аты) сауалнамасы туралы не ойлайсың?

- ... (оқушының аты) ...ның (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?

- ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы мынадай сұрақтар арқылы жүзеге асады:

  • Ұтымды шыққан жауаптар...
  • Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...
  • Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...
  • Креативті жауаптар ... бірақ көркем тіл жетіспейді.

ҚОРЫТЫНДЫ

 Оқушы сабақта еркін сөйлеп, әр түрлі пікірталастарды, сыныптастарының пікірін тыңдап, проблеманы шешу жолын бірігіп қарастырады. Оқушы әрекеті жай іс-әрекет емес, тұжырым жасай білу, зерттеушілікке апаратын талпыныс болмақ. Мысалы, сабақтың соңғы бөлігіндегі тапсырма оқушылардың сыни ойлауы мен коммуникативтілік дағдыларын дамытуға, оқылған теориялық материалдың түйінін шығаруға бағытталған. Тапсырмалар аяқталған соң, осы тапсырма барысында өзінің ойына келмеген қандай жаңа көнерген сөз, эвфемизм және дисфемизммен танысқанын, бұл сабақтың оған қаншалықты пайдалы болғанын талқылайды.

Бағалаудың мақсаты оқушыларға көмектесу (бағалау барысында оқу жалғасатындығын; оқу нәтижелері емес, оқу үдерісі бағаланатындығын; бағалаудың негізгі түйіні оқушыларды оқуға бағыттау және оларға мүмкіндік беру) екендігін мұғалім естен шығармауы тиіс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу