Абылайдың үш арманы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 8 сабақ


1-тапсырма.

1-қадам. Төрт адамнан тұратын топтарға бөлініңіздер. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің анықтамалары мен олардың қолданыс аясы туралы алмастырылып берілген мәтінді оқыңыздар.

2-қадам. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің белгілеріне байланысты мәтіндегі сөйлемдерді ажыратыңыздар. (әр ұғымның ережесі болатын сөйлемдерді жіктеңіздер).

3-қадам. Сөйлемдерді біріктіріп, әр ұғымның анықтамаларын құрастырыңыздар.

4-қадам. Жұп-жұп болып бөлініп, өздеріңіз жазған анықтамаларды талқылаңыздар. Дұрыс-бұрыстығын тексеріңіздер.

Мәтін

 Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.Мұны дисфемизм деп атайды. Мылжың – сөзуар, өтірік айту – қосып айту, ұрланды – қолды болды, ұрлық жасамау – ала жібін аттамау, өлді – қайтыс болды т.б.Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, хан, барымта, айбалта). Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, саптыаяқ, түмен, асадал, патсайы, т.б.). Эвфемизм.  Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

Мәтіннің дұрыс нұсқасы (оқушылардың құрастырған мәтіндерін өзара тексерген кезде басшылыққа алу үшін қажет болады, сондықтан оқушыларға бірден ұсынылмайды).

 1.Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, хан, барымта, айбалта). Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, саптыаяқ, түмен, асадал, патсайы, т.б.). 

 2.Эвфемизм.  Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

 3.Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны дисфемизм деп атайды. Мылжың – сөзуар, өтірік айту – қосып айту, ұрланды – қолды болды, ұрлық жасамау – ала жібін аттамау, өлді – қайтыс болды т.б.

2-тапсырма

Абылайдың үш арманы

 Ұлы Абылай хан дүниеден өтер алдында қоштасуға келген Бұқар жырау:

- Хан ием, не арманың бар? – деп сұрайды.

Хан:– Үш арманым бар. Біріншісі, менің елім мал емшегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емізе алмадым. Екіншіден, менің тұсымда қан көп төгілді. Соған өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді. Үшіншісі, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті, – деген екен.

Ілияс Есенберлин, «Көшпенділер»

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

1) Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

2) Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны көнерген сөздер деп атайды.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

3) Дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

4) «Мылжың» сөзі - эвфемизм.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

5) Архаизмдер – көнерген сөздің бір түрі.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

6) Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай үшке бөлінеді.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

Дескрипторлар

  • мәтіннен көнерген сөздің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен эвфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен дисфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен көнерген сөздерді, эвфемизмді табады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу