Абылайдың үш арманы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Сабақ жоспары

Тарихи тұлғалар

Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Абылайдың үш арманы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.4.3.1 Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Сабақтың мақсаты

Лексикалық тақырып арқылы сөздердің лексикалық мағынасын ажыратуға үйрену.

 Бағалау критерийлері

  • көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің қолданылатын орындарын біледі;
  • оларды басқа сөздерден ажырата алады.

 Тілдік дағдылар

Сөзуар, қолды болу, қосып айту, ала жібін аттамау.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

10 минут

1-тапсырма. Оқу және түсінік қалыптастыру

 Мұғалім көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм туралы және олардың қолданыс аясын танытатын мысалдары бар мәтіндер таратып береді.

1-қадам. Сынып төрт адамнан тұратын кіші топтарға бөлінеді. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің анықтамалары мен олардың қолданыс аясы туралы алмастырылып берілген мәтінді оқиды.

2-қадам. Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизмдердің белгілеріне байланысты мәтіндегі сөйлемдерді ажыратады (әр ұғымның ережесі болатын сөйлемдерді жіктеп алады).

3-қадам. Сөйлемдерді біріктіріп, әр ұғымның анықтамаларын құрастырады.

4-қадам. Оқушылар жұп-жұп болып бөлінеді. Өздері жазған анықтамаларын бір-бірімен талқылайды. Дұрыс-бұрыстығын тексереді.

Мәтін

 Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.Мұны дисфемизм деп атайды. Мылжың – сөзуар, өтірік айту – қосып айту, ұрланды – қолды болды, ұрлық жасамау – ала жібін аттамау, өлді – қайтыс болды т.б.Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, хан, барымта, айбалта). Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Архаизмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, саптыаяқ, түмен, асадал, патсайы, т.б.). Эвфемизм.  Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

Мәтіннің дұрыс нұсқасы (оқушылардың құрастырған мәтіндерін өзара тексерген кезде басшылыққа алу үшін қажет болады, сондықтан оқушыларға бірден ұсынылмайды).

 1.Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыс, сұлтан, хан, барымта, айбалта). Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушы, саптыаяқ, түмен, асадал, патсайы, т.б.). 

 2.Эвфемизм.  Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

 3.Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны дисфемизм деп атайды. Мылжың – сөзуар, өтірік айту – қосып айту, ұрланды – қолды болды, ұрлық жасамау – ала жібін аттамау, өлді – қайтыс болды т.б.

Слайд

Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж.

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

2-тапсырма

Оқушылар жұпқа бөлінеді. Олар жұпта кезекпен жұмыс істейді:

  • біреуі бірінші болып мәтіннің алғашқы абзацын оқиды, бір-екі сөйлеммен үзінді не туралы екенін айтады;
  • екіншісі сұрақ қояды;
  • одан кейін бірлесіп отырып мәтіннен эвфемизм, көнерген сөздерді табады (хан, хан ием, дүниеден өту, қанын төгу).

 

Абылайдың үш арманы

 Ұлы Абылай хан дүниеден өтер алдында қоштасуға келген Бұқар жырау:

- Хан ием, не арманың бар? – деп сұрайды.

Хан:– Үш арманым бар. Біріншісі, менің елім мал емшегін емген ел еді, аяғына дейін жер емшегін емізе алмадым. Екіншіден, менің тұсымда қан көп төгілді. Соған өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол менің қанымды төгетін еді. Үшіншісі, елімде телі мен тентек көп болды, бастарын біріктіру қиынға түсті, – деген екен.

Ілияс Есенберлин, «Көшпенділер»

3-тапсырма

«Хан жарлығы»

 Мұғалім оқушыларды шеңбер құрып отырғызады, бірақ әр оқушы жеке жұмыс істейді.Олардан көнерген сөз, эвфемизм және дисфемизмге мысал бола алатын бір сөзге сөйлем құрып параққа жазуды сұрайды. Одан кейін жазған парағын «Хан жарлығы» ретінде рәсімдейді(А4 параққа жазады, түтікше етіп орайды).Мұғалімнің немесе ерікті бір оқушының «Жарлық кетті!»деген бұйрығымен парақты оқушылар сағат тілімен жылжытып бір-біріне жібереді. «Жарлық келді!» дегенде тоқтатылып, әрқайсысы өз қолына түскен жарлықпен танысады. Осылай бірнеше рет қайталағанда, оқушылар бірнеше оқушының жазғандарымен танысады.

 

4-тапсырма

 Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін «ШЫН», «ЖАЛҒАН» әдісін қолданылады. («KAHOOT» қосымшасын қолдануға болады. Сілтемесі: http://didaktor.ru/kahoot-programma-dlya-sozdaniya-viktorin-didakticheskix-igr-i-testov/)

1) Көнерген сөздер - күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорда сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

2) Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны көнерген сөздер деп атайды.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

3) Дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

4) «Мылжың» сөзі - эвфемизм.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

5) Архаизмдер – көнерген сөздің бір түрі.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

6) Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай үшке бөлінеді.

«ШЫН»? «ЖАЛҒАН»?

Дескрипторлар

  • мәтіннен көнерген сөздің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен эвфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен дисфемизмнің белгілерін білдіретін сөйлемдерді ажыратады;
  • мәтіннен көнерген сөздерді, эвфемизмді табады.

І. Есенберлин, 

«Көшпенділер»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.

 Мен ... ақпарат алдым.

 Маған ... қызықты болды.

 Мен... түсіндім.

 Менің ұсынысым..

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу