Ержүрек батырлар. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Сабақ жоспары

Тарихи тұлғалар

Мектеп: Ақтөбе қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оракова М.С.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ержүрек батырлар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.3.3.1 Ұсынылған тақырып бойынша деректер жинақтай отырып, графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) түрінде құрастыру;

Сабақтың мақсаты

Деректерді графиктік мәтін жазуға қолдана алуға үйрету.

 Бағалау критерийлері

  • Тақырып бойынша деректер жинай алады;
  • Жиналған деректерден графиктік мәтін (диаграмма, кесте, сызба) құрастыра алады.

 Тілдік дағдылар

Ержүрек батырлар, халық жүрегінен орын алу, жорық, шайқас.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, тарихи тұлға туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

10 минут

1-тапсырма. Оқу және түсінік қалыптастыру

  • Мәтінді мұқият оқыңыздар.
  • Қазақтың ержүрек батырларының туған жылдарын анықтаңыздар.

 Қазақтың ержүрек батырлары

 Жоңғарлармен шайқаста қазақтардың елім деген ерен, ержүрек батырларының даңқы шықты. Атап айтсақ, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Наурызбай, табын Бөкенбай, Жәнібек, Малайсары, Есет, Баян, Райымбек сияқты батырларының есімдері халық жүрегінен орын алды.

 Бөгенбай батыр (1690-1775) Түркістан өңірінде Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген. Қанжығалы Бөгенбай елу жылдан астам жаугершілік заманда қазақ қолын бастады. Жоңғарларға қарсы жүзден аса жорықтарға қатысқан. 1775 жылы қайтыс болып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген.

 Қабанбай батырдың (1692-1770) шын есімі – Ерасыл. Ол өз өмірінде жүзден астам шайқасқа қатысып, ондаған жекпе-жекте қарсыластарын шақ келтірмеген. 1750 жылдары қазақ жерін қалмақтан босату үшін болған ірі шайқаста асқан ерлік көрсетіп, Абылай ханның жарлығымен «Дарабоз батыр» атанған.

 Наурызбай батыр (1706-1781) жиырма жасынан бастап жоңғарлармен болған шайқастарға қатысады. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Олжабай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары қазақ елін жаудан азат етті.

 Баян батырды (шамамен 1709-1771) атақты Абылай ханның өзі алғырлығы, тапқырлығы үшін ерекше құрметтеген. Қазақ-жоңғар соғыстары кезінде көрсеткен ерліктері үшін халық оны «Батыр Баян» атап кеткен.

 Шақшақ Жәнібек батыр (1693-1752) мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы, жоңғарларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі болған. Жекпе-жекте талай рет жоңғар батырларын жеңіп шыққан.

«Қазақстан тарихы» (энциклопедиялық басылым)

Слайд

Қазақстан тарихы (энциклопедиялық басылым), 2008 ж.

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

2-тапсырма

  • Графиктік кесте сызып, Х осіне батырлардың есімдерін жазыңыз. Y осіне 1650-1800 жж аралығын белгілеңіз.
  • Осы координаталық жазықтықта батырлардың туған жылдарын нүктелер арқылы белгілеңіз.
  • Нүктелерді қосу арқылы диаграмма сызыңыз.

3-тапсырма

Диаграмманы пайдаланып мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

  • Қазақ-жоңғар шапқыншылығы шамамен қанша уақытқа созылды?
  • Ержүрек батырлар туралы диаграммаға қандай ат қояр едіңіз?
  • Өзіңіз білетін батырлар туралы мәліметті диаграммаға қосуға болады.

Ықтимал жауаптар:

«Ерлік кестесі», «Батырлар шежіресі», т.б.

ДЕСКРИПТОРЛАР

  • деректер жинау үшін мәтінді оқиды;
  • батырлардың қай жылы туғандарын анықтайды;
  • жылдарды өсу ретіне қарай графикке белгілейді.

«Қазақстан тарихы» (энциклопедиялық басылым)

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай стратегия арқылы оқушылардың ойын тыңдайды.

«Екі тезис, бір дәлел»

Оқушылар бүгінгі сабаққа қатысты екі сөйлеммен пікір білдіріп, оған бір сөйлеммен дәлел келтіреді.

Түрлі түсті қағаздар

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу