Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 1 сабақ
1-қосымша
Тыңдалым мәтіні
Мәтінді мұғалім өзі мәнерлеп оқып бере алады немесе екі оқушының диалог ретінде оқуын аудиотаспаға жазып қолдануға да болады.
Сая: Әли, сен елордамыз Астанада болдың ба?
Әли: Иә, Сая. Мен жазғы каникулымды Астанада өткіздім. Онда биік-биік ғимараттар мен құрылыс нысандарын көрдім. Маған «Астана-Бәйтерек» кешені ұнады. Оның биіктігі - 97 метр, ал жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады екен.
Сая: Дұрыс айтасың, Әли. «Астана-Бәйтерек» кешенінің мұнарасы үш әлемнен құрылған: жер асты, жер және аспан әлемі.
Әли: Сая, сен ашық аспан астында орналасқан «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенін білесің бе? Ол картада еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалалары орналасқан.
Сая: Маған «Қазақ елі» мемориалды кешені ерекше әсер етті. Мәрмәр монумент кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігі мен болашақта көркейіп, дамуының белгісі екен. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді.
Әли: Мен «Думан ойын-сауық орталығына» таңертең барып, кешке дейін араладым. Маған мұхитарал қатты ұнады. Ол - ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен ететінін білдім. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариум бар екен.
Сая: Әли, біздің сүйікті астанамыз заманауи технологияның арқасында күн санап өсіп көркейіп келеді.
Әли: Иә, Сая, Астана – мәдениет пен өнер орталығы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?