Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Неологизм | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Т/А6.1.2.1 - әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (хабарландыру, жаңалық) көтерілген мәселені талдау 6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Тақырыпқа байланысты мәтіннің мазмұнын игереді, көтерілген мәселені түсінеді, талдау жасайды. | |||||||||||||||
Бағалау критерийі | Мәтіндегі көтерілген мәселені түсінеді, талдай алады, тақырыпқа байланысты неологизм сөздерді орынды қолданады. | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: елорда, руханият, кешен, монумент, мұхитарал Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Біздің пікірімізше.... Олай ойлауға ... себептер бар. | |||||||||||||||
Құндылықтарды игерту | Оқушылар ел астанасы, оның мемлекет үшін маңызы туралы ой түйеді. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, география | |||||||||||||||
Бастапқы білім | «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбындағы сабақтар | |||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Мұғалім сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға сабақ презентациясында берілген суретті көрсетеді. Оқушылар сурет арқылы сабақ тақырыбына болжам жасайды.
Мұғалім сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | 1-слайд | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5-8 8-10 10-20 20-23 23-35 | Тыңдалым алды тапсырма 1-тапсырма ЖЖ. Оқушылар төмендегі сұрақтар бойынша жұпта пікірлеседі. -Астана қаласы туралы не білесің? -Астананың ең көрікті жерлері деп қандай ғимаратты айтуға болады? -Астанадағы қандай спорт кешендері, мәдениет орындары бар? Олар қалай аталады? Жұпта оқушылар өз пікірлерін ұсынады. Бірнеше жұптың жауабы тыңдалады. 2-тапсырма Әр жұпқа «Неологизм сөздер» туралы таратпа материалдар беріледі. Жұптағы оқушының бірі неологизм туралы мәліметті оқып танысады, қасындағы оқушыға айтып береді. Тыңдағаны туралы жұбы сұрақ қойып, екеуі талдайды. Тыңдалым тапсырмасы Оқушылар алдымен кестеде берілген сұрақтармен танысып алады. Содан кейін мұғалім оқушыларға Әли мен Сая деген екі кейіпкердің диалогынан тұратын мәтінді тыңдатады. Олар мәтінді тыңдап отырып төмендегі кестені толтырады. Тапсырма жеке-жеке орындалады. Кесте
Оқушылар жұппен бірге бір-бірінің кестесін тексеріп, мәліметтердің дұрыс-бұрыстығын тексереді. Нәтиже бойынша бір-біріне ұсыныс айтады. Оқушылар ұсыныстар бойынша кестелеріне толықтырулар мен түзетулер жасайды. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма «Шеңбер» стратегиясы. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Төмендегі сұрақтар бойынша талдау жүргізеді.
(Оқушылардың ықтимал жауаптары: неологизм сөздер - елорда, руханият, кешен, монумент, мұхитарал) Дескрипторлар:
| 5-слайд 1-таратпа 1-қосымша 2-таратпа 8-слайд 9-слайд 10-слайд | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия Кері байланыс «3-2-1» •Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат •Қиындық тудырған 2 аспект • Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ,... | 11-слайд | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||
Үлгерімі төмен оқушыларға екпін, логикалық екпін туралы ақпарат беруге болады | Топтық бағалаудың нәтижесінде оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін анықтауға болады. | Топтық жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. | ||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?