Бейбітшілік және келісім сарайы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 3 сабақ
1-таратпа
Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады.
Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды, білім, тәжірибе жинайды, жетіледі, өседі. Ал қарым-қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады. Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады. Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.
2-таратпа
Тапсырма
Берілген мәтіндерді оқы. Салыстыра отырып, төмендегі кестені толтыр.
Белгілері |
| |||
Тақырыбы | ||||
Стилі | ||||
тілдік ерекшелігі |
3-таратпа
1-мәтін
Бұл ғажайып сарай – қазақ жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі ғой. «Бас шаһарда пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса» деген идеяны айтты елбасы. Қандай көрегенділік десеңші! Бейбітшілік және келісім сарайы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін Астана қонақтарының, туристердің қызығушылығын арттырып отыр емес пе?! Бүгінде ол бас қаламыздың ғана емес, еліміздің көркіне айналды.
2-мәтін
Сая: Әли, сен Пирамадаға бардың ба?
Әли: Імм, қайсы?
Сая: Астанадағы ше?
Әли: Аа, иә-иә, бардым.
Сая: Саған ұнады ма?
Әли: Ол әлгі Египеттегі пирамидаға ұқсайды ғой. Бірақ біздің пирамиданың іші әдемі ғой, Сая? Ішінде неше түрлі гүлдер бар.
Сая: Ондағы лифті де қызық қой, иә. Қиғаш көтеріледі. Міндің бе?
Әлидің таңданғаннан көзі алақандай болып кетті: «Шын ба? Шын айтасың ба?»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?