Бейбітшілік және келісім сарайы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бейбітшілік және келісім сарайы (1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1 – ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

 Сабақтың мақсаттары

Ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

 Бағалау критерийі

- ауызекі және көркем сөйлеудің белгілері мен жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бейбітшілік және келісім, қала қонақтары, жанрлық ерекшелік, бірлік, ынтымақтастық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыс

әдебиет

Бастапқы білім

Астананың көрікті жерлері

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

«Галареяда шарлау» әдісі

Оқушылар сынып қабырғаларындағы ілінген суреттерді тамашалап жүреді. Әр сурет бойынша ой түйеді: Бұл ғимараттың қала тұрғындарына пайдасы қандай? деген сұраққа ойлану шарт. Содан кейін мұғалім оқушыларды сынып бөлмесінің ортасына шеңберге тұрғызады да әр оқушы өз ойларымен бөліседі. Мұғалім оқушылардың пікірлерін қорыта келе сабақтың тақырыбын анықтауға бағыттайды.

Сабақ тақырыбы анықталғаннан кейін сабақ мақсатымен таныстырады.

Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

1-қосымша

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-25

25-35

Оқылым алды тапсырма

Т

 Барлық топқа бірдей сәйкестендіруге арналған қағаз қиындылары таратылып беріледі. Бірінші және екінші қиындыда мәтін түрінің атауы, ал басқа екі қиындыда мәтін түрінің сипаттамалары берілген. Оқушылар берілген мәтін түрінің сипаттамаларын топта талдай отырып, оған қай мәтін түрінің атауы сәйкес келетінін табады. Бұл тапсырманы «Ойлан/бөліс/талқыла» әдісі арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушы алдымен жеке (3 минуттай) жұмыс істейді. Одан кейін шешімін (жауабын) қасындағы жұбымен (2-3 минут) бөліседі. Сосын топ ішінде барлық жауапты тыңдап дұрыс/бұрыстығын талқылайды, жауаптарын толықтырады (3-4 минут).

Көркем әдебиет стилі

Ауызекі сөйлеу стилі

- бейнелі сөздер көп қолданылады;

- тіл байлығы кең;

- эстетикалық тәрбие береді.

- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі сақталмайды;

- сұраулы, лепті сөйлемдер қолданылып, диалогқа құрылады;

- ым-ишара қосылып қолданылады;

- дыбыстар түсіріліп айтылады.

Оқылым тапсырмасы

 Барлық оқушыларға екі түрлі мәтін (ауызекі және көркем әдебиет стиліндегі) беріледі. Оқушылар жұпта бірігіп берілген мәтіндерді оқиды. Екі мәтінді өзара салыстыра отырып, төменде берілген кестені толтырады.

 

белгілері

дәлел

А мәтіні

тақырыбы

стилі

тілдік ерекшелігі

1-мәтін (көркем әдебиет мәтіні)

 Бұл ғажайып сарай – қазақ жеріндегі бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі ғой. «Бас шаһарда пирамида тәріздес сарай бой көтерсе, әрі онда түрлі ұлт, дін өкілдері бас қосып, барша адамзатты бейбітшілік пен жақсылыққа жетелейтін шешімдер қабылдаса» деген идеяны айтты елбасы. Қандай көрегенділік десеңші! Бейбітшілік және келісім сарайы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін Астана қонақтарының, туристердің қызығушылығын арттырып отыр емес пе?! Бүгінде ол бас қаламыздың ғана емес, еліміздің көркіне айналды.

2-мәтін (ауызекі сөйлеу мәтіні)

Сая: Әли, сен Пирамадаға бардың ба?

Әли: Імм, қайсы?

Сая: Астанадағы ше?

Әли: Аа, иә-иә, бардым.

Сая: Саған ұнады ма?

Әли: Ол әлгі Египеттегі пирамидаға ұқсайды ғой. Бірақ біздің пирамиданың іші әдемі ғой, Сая? Ішінде неше түрлі гүлдер бар.

Сая: Ондағы лифті де қызық қой, иә. Қиғаш көтеріледі. Міндің бе?

Әлидің таңданғаннан көзі алақандай болып кетті: «Шын ба? Шын айтасың ба?»

Оқылымнан кейінгі тапсырма

 «Ыстық орындық» әдісі қолданылады. Бірнеше оқушы екі мәтінді салыстыра талдаған жұмысын осы әдіс арқылы сынып алдында оқиды. Бұл әдіс сабақты бекітуде өте тиімді әрі сыныптастары оқушының жұмысын тыңдап, бірден кері байланыс бере алады.

Мұғалімнің бағалауы

Мұғалім бүгінгі сабақтан алған білімдері бойынша оқушыларға кері байланыс береді. Бағалау сындарлы кері байланысты қамтылуы тиіс.

Дескриптор:

- ауызекі және көркем сөйлеудің белгілерін тапты;

- жанрлық ерекшеліктерін ажырата алды.

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Табыс сатысы»

1-баспалдақ – «Мен ... білемін»

2-баспалдақ – «Мен ... түсінемін»

3-баспалдақ – «Мен ... жасай аламын»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу