Астананың бойтұмары – «Бәйтерек». Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.4.1 – мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ескеріп сұрақтар қою арқылы негізгі ойды анықтайды, термин сөздердің қолданылатын орындарын біледі.

 Бағалау критерийі

Мәтіннен сұраққа жауап таба алады, абзацтарға тақырып қоя отырып негізгі ойын анықтайды, талдайды; термин сөздерді ажыратады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

сызба-жоба, композиция, монумент, диаметр, тонна, метр, т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Суретте бейнеленген, биік ғимарат, пішіндес, зәулім биік, бой таластырған, т.б.

Құндылықтарды игерту

оқушыларды топтық, жұптық жұмыстар кезінде бір-біріне деген құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих сабақтары

Бастапқы білім

«Хан шатыр» ойын-сауық орталығы

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

Тапсырма сыныппен орындалады.

Оқушыларға «Бәйтерек» сөзіне ассоциация жасау тапсырылады.

 

 

 

 

 Мұғалім оқушылармен бірге тұмар сөзінің мағынасын ашып, әр оқушының пікірін ескеріп жауаптарын қорытындылайды және сабақтың тақырыбын хабарлайды: «Астананың бойтұмарыс - «Бәйтерек». Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

 Мұғалім оқушыларды өз қалаулары бойынша топқа бөледі. Яғни оқушыларға өз қалаулары бойынша отыруға мүмкіндік береді (қалаулары бойынша топқа бөлу).

Сабақтың ортасы

5-10

10-22

23-30

30-35

Оқылым алды тапсырма

Т

www.lugat.kz сөздіктер сайтын (немесе «Түсіндірмелі сөздікті») пайдаланып, кестеде берілген сөздердің мағынасын анықтайды.

сөз

мағынасы

дүниетаным

ат басын тіреу

бой көтерген

танымал

ұлттық бренд

Оқылым тапсырмасы

«Өрмекші» әдісі

Жұмыс алгоритмі:

  • Оқушылар алдымен мәтінді түсініп оқиды.
  • Постерге өрмекшінің сұлбасын салады.
  • Өрмекшінің басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды.
  • Әр топ сынып алдында постерлерін қорғайды.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

С

1-тапсырма

«Зымыран сұрақтар» тапсырмасын сыныппен орындайды. Мұғалім интерактив тақтадан (немесе қағаздан өзі дауыстап) сұрақтарды оқиды. Оқушылар жылдам жауап берулері тиіс, себебі тапсырманың зымыран аталуы да оқушыдан шапшаңдықты талап еткендіктен қойылған.

«Зымыран сұрақтар»

- Мәтін қандай тақырыпқа берілген?

- Негізгі ой қандай сөздер арқылы анықтауға болады?

- Нысанның сызба жобасын жасаған кім?

- Ғимарат неше бөліктен тұрады?

- Бәйтерек монументін тұрғызу идеясын ұсынған кім?

Ж

2-тапсырма жеке орындалады.

Тапсырманың шарты:

- ә мәтініне бір абзац жалғап, өз ойын қосып жазады.

- мәтіннен терминдерді табады, қандай термин екені айтады: математикалық, құрылыс, т.б.

Дескриптор:

- сұраққа жауап береді;

- абзацқа тақырып қояды;

- негізгі ойын анықтайды, талдайды;

- кем дегенде үш термин атайды.

Өзара бағалау

 «Серпілген сауал» әдісін қолданып, оқушылар бір-бірінің жұмыстары туралы сұрақ қою/жауап беру арқылы өзара бағалау жасайды.

- ... (оқушының аты) жауабы туралы не ойлайсың?

- ... (оқушының аты) ...ның (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?

- ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Сабақта:

Мен _______________________________білдім.

Мен ____________________________үйрендім.

Мен ____________________________қиналдым.

Менің көңіл-күйім___________________

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу