Астананың бойтұмары – «Бәйтерек». Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 5 сабақ


1-таратпа

Тапсырма

 

1. әулие ағаш Ата-бабаларымыз жалғыз өскен киелі ағаш далада жапан деп санаған ағашты.

2. кесуге Оны, қандай да бір зақым тыйым келтіруге салған.

3. Саясында ескерткен демалып, ұйықтауға да ұзақ отырып болмайтынын.

4. Жалғыз өскен жанында ұзақ болсаң, жалғыздықтың нышанына ағаштың сол ағаштай сопиып балаған жалғыз қаласың деп.

5. қасиетті санап, түзде жайқалып өскен Құла жалғыз ағашты жанында түнеп, байлайтын болған шүберек.

 

 Дұрыс нұсқасы:

 1.Ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған.

 2.Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған.

 3. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен.

 4. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған.

 5. Құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағашты қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған.

  

2-таратпа

Оқылым мәтіндері

 

Астананың бойтұмары – «Бәйтерек»

 Әлемде алғаш рет диаметрі 22 метрлік, салмағы 300 тоннадан тұратын, күннің түсуіне қарай түсін өзгертетін «хамелеон» әйнегінен жасалынған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. Біздің бас қаламызда бой көтерген бұл «Бәйтерек» монументі Астананың басты көрікті орны ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның сәулеттік символына айналды.

 Монумент құру идеясының авторы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Елорданың бас жоспары аясында салынған нысанның сызба-жобасын әлемдік сәулет өнерінің шеберлері жасап, Ресей академиясының сәулетшілері, белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава және «Ақорда» қазақстандық жобалау-құрылыс компаниясы орнатты.

 Өзінің тарихи тамырын сақтап, берік негізін нығыздайтын, болашаққа бағдар жасайтын, мемлекетті түсіндіріп беретін монументтің мағынасы терең. Халқымыздың дүниетанымынан хабар беретін, ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылған ғажайып ғимаратқа бүгінде Астанаға келген әрбір адам ат басын тірейді. Заманауи тілмен айтсақ, «Бәйтерек» Астананың «визит картасына», ұлттық брендке айналды деуге әбден болады.

 Айта кетерлігі, осы биіктіктегі ерекше екі композицияның бірі – 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы. Панорамалық зал ортасында орналасқан, «Бата» композициясы аталатын 17 жапырақтан тұратын белгінің «ағаш глобусының» өз тарихы бар. Бұл – он жеті әлемдік діни конфессия жетекшілерінің Қазақстан халқына, жеріне берген ақ батасы.

 

http://www.astana-akshamy.kz/bajterek-monumenti/

 3-таратпа

 1-қадам. Мәтінді түсініп оқы. Жеке оқуға 3 минут беріледі.

 2-қадам. «Журналистік сұрақтар» кестесі. Кестені толтыруға 7 минут, сыныпта талдауда 5 минут беріледі. Өзіңдегі оқылым мәтіні бойынша төмендегі сұрақтарға ақпараттарды іріктей отырып, кестені толтыр.

 Аяқтағаннан кейін топ ішінде ақпараттарға талдау жасаңдар.

Сұрақтар

Жауаптар

Не?

Қашан?

Қайда?

Неге?

Қалай?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу