Астананың бойтұмары – «Бәйтерек». Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 5 сабақ


 

 Саралау бойынша мұғалімге әдістемелік кеңес

 

 Тапсырманы орындауды топтық, жұптық жұмыс түрлері арқылы ұйымдастыру қарым-қатынас формалары бойынша саралау түрі болып табылады. Топта немесе жұпта ынтымақтастық (коллаборативті) ортасын құру арқылы оқыту - саралаудың тиімді тәсілдерінің бірі. Қабілеті орта оқушы шағын топта өзінің сыныптасынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

 Сыныптағы оқушылардың қабілеттеріне қарай әртүрлі деңгейдегі ресурстар ұсынылады. Мұнда мақсат бірдей, берілетін тапсырма ортақ, бірақ қабілетті оқушылар ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс істейді, ал орташа қабілетті оқушылар жеңіл ақпаратты ресурстарды пайдаланады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, жауаптарын күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып негіздейді. Бұл жерде саралаудың бірнеше түрі жүзеге асады: ресурс бойынша саралау, нәтиже бойынша саралау және оқыту ортасы бойынша саралау (оқушы жұмыс орнын өзі таңдайды: жеке, жұппен немесе мұғаліммен бірге).

 Сабақтағы жылдамдық (темп) бойынша саралау. Кейбір оқушылар ақпаратты баяу қабылдайды, басқалардың қабылдау жылдамдығы өте жоғары болуы мүмкін. Сабақты жоспарлау барысында қанша тапсырма ұсынылатындығы және оларды орындау жылдамдығы ескерілуі шарт. Қабілетті білім алушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін тапсырманы шұғыл және жоғары жылдамдықта орындау маңызды.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу