Астанада өткен ЕХРО көрмесі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 6 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Астанада өткен ЕХРО көрмесі (2-нұсқа) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау | |||||
Сабақтың мақсаттары | Жазуда орфографиялық норманы сақтау, тыныс белгілерін дұрыс қоя білу; емле ережелерін білу. | |||||
Бағалау критерийі | Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін дұрыс қоя алады; емле ережелері арқылы талдау жасайды. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: көрме, баламалы энергия, қуат көзі, өнертабыс Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Егер ... сүйенетін болсақ, ендеше ... | |||||
Құндылықтарды игерту | Отанға, елге деген сүйіспеншілік | |||||
Пәнаралық байланыс | Тарих пәні | |||||
Бастапқы білім | Астана алған асулар | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Қызығушылығын ояту «Константинополь» ойыны Мұғалім сабақты берілген сөз бойынша (көрме, энергия, болашақ, өнертабыс) әріптерінен зат есімдер құруды тапсырумен бастайды. Оқушыларды «көрме», «қуат көзі», «болашақ», «өнертабыс» деген төрт топқа бөледі. Әр топ өзіне берілген сөзден зат есім болатын сөзді құрастырады. Шарты: сөздегі әріптерден асып кетпеу керек. Ықтимал жауаптар: Көрме: ер, өр, көр, өре, кем Осыдан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.
| 1-таратпа | ||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-25 25-35 | Жазылым алды тапсырма
Жазылым тапсырмасы
«Астанада өткен ЕХРО көрмесі» мәтіні
1-бөлік EXPO-2017 көрмесіне үш айда 178 елден 4 миллионға жуық адам келген. Көрмені әр келуші толық көру үшін 96 сағат жұмсауы керек. Көрме кезінде 3500 мәдени іс-шара өткізілген. 33 мың әртіс өнер көрсеткен.
2-бөлік «ЭКСПО-2017» символы «Нұр Әлемнің» құрылысына 13 000 тонна металл жұмсалған. Шар жабындысы 2800 бірегей әйнектен тұрады. «Нұр Әлем» сферасының жалпы аумағы - 22 000 шаршы метр. Бұл - төрт бірдей футбол алаңының көлемі.
3-бөлік Көрменің барлық нысандарының құрылысы үшін 56 мың тонна металл мен 500 мың тонна бетон жұмсалған. Бұл әлемдегі ең биік екі мұнараны тұрғызуға жетеді. 53 елдің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары көрменің құрметті қонағы мен қатысушысы болды.
4-бөлік Көрмеде 4500 ерікті қызмет еткен. Көрменің жұмысы барысында келушілер 100 миллионнан аса суретке түскен. Үйленуге 88 ұсыныс жасалған. Ғалымдар бүгінгі күні адамзат өмірін өзгертіп жатқан 153 ғылыми өнертабыс ұсынған.
Жазылымнан кейінгі тапсырма
Топтар өзінде болған қателіктерге сәйкес және кездескен тыныс белгілеріне қатысты пунктуациялық ережелер кеңесін жазып шығады. Үлгі: Біліп жүріңіз!!!
Дескриптор:
Өзара бағалауды «Бутерброд» әдісі арқылы жүзеге асырады. Өзара бағалауда 1-топ 2-топтың жұмысын, 2-топ 3-топтың жұмысын, 3-топ 4-топтың жұмысын, 4-топ 1- топтың жұмысын бағалайды.
Мысалы, Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... | 2-таратпа | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Плюс-минус- қызықты » Бұл жаттығуды сабақты қорытындылау кезінде қолданылады. Тапсырма ауызша орындалады.
Плюс - сабақ барысында қандай тапсырма ұнады, қызықты болды деген сұраққа жауап жазады..
Минус - оқушыға не ұнамады, қызықсыз болып көрінді. Сол туралы жазады. Қызықты - бұрын естімеген жаңа ақпарат, қызықты фактілер туралы немесе сабақтың жағымды жақтарын жазады. | |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?