Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 8 сабақ


1-таратпа

Сөздік пазл

1-конверттегі пазлдар:

Алтын зал

қазіргі заманғы өнер залы

этнография залы

Тәуелсіз Қазақстан залы

Астана залы

2-конверттегі пазлдар:

- ежелгі көшпелілердің бірегей алтын бұйымдары

- отандық және шетелдік суретшілердің ең таңдаулы шығармалары

- зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар

- маңызды құжаттар, тәуелсіздік жылдарындағы әртүрлі саладағы жетістіктер жөніндегі мағлұматтар

- даму тарихын баяндайтын құжаттар, фотосуреттер, экспонаттар

2-таратпа

Тыңдалым мәтіні

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ – ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ЖЫЛНАМАСЫ

 Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі кезеңінен сыр шертетін жәдігерлер қоры жинақталыпты. Экспозициялардың басты жәдігері – Есік қаласынан табылған «Алтын адам».

 147 мың шаршы метр алаңды алып жатқан көрме залдары жеті экспозицияға бөлінген.

 Ежелгі және ортағасыр тарихы залында тас дәуіріндегі еңбек құралдары мен тұрмыстық бұйымдар, қола және темір дәуірлерінде қолданылған заттар қойылған.Тарих залы XV-XX ғасырлардағы Қазақстан тарихынан сыр шертеді. Ондағы жәдігерлер қазақ хандығының құрылуы мен дамуының негіздері, ұлт-азаттық көтерілістері туралы баяндайды.

 Алтын залдарында археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған еліміздегі ежелгі көшпелілердің бірегей алтын бұйымдары түзілген.

 Ал, қазіргі заманғы өнер залында отандық және шетелдік суретшілердің ең таңдаулы шығармалары қойылыпты.

 Этнография залының экспозициялары қазақ халқының әртүрлі зергерлік бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен, тұрмыстық заттарымен толықтырылыпты.

 Тәуелсіз Қазақстан залында егемендік алғанда қабылданған маңызды құжаттар, тәуелсіздік жылдарындағы әртүрлі саладағы жетістіктер жөніндегі мағлұматтар жинақталыпты.

 Астана залында бас қаланың елорда ретіндегі қалыптасу, даму тарихын баяндайтын құжаттар, фотосуреттер, экспонаттар қойылған. Залдағы материалдар хроникалық-құжаттық тәртіппен беріліпті. Бұл көне дәуірлерден бастап, қазіргі заманға дейінгі қала тарихымен кеңінен танысуға мүмкіндік береді.

 Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

 http://www.astana-akshamy.kz

 

  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу