Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы

(2-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

 Сабақтың мақсаттары

Мәтін тыңдай отырып, мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру

 Бағалау критерийі

Мәтінді түсініп тыңдайды, мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді, шынайы өмірмен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Экспонат, жәдігер, мағлұмат, көшпелілер, этнография, археологиялық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Шын мәнінде ...

Соған байланысты ....

Егер ... сүйенетін болсақ, ендеше ...

Құндылықтарды игерту

Отанды, елді құрметтеу

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Бастапқы білім

Астанада өткен ЭКСПО көрмесі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

Мұғалім сабақты оқушыларға интерактив тақтадан мына екі суретті көрсетіп, сұрақпен бастайды.

Сұрақ: Мына екі суретте ұқсастық бар ма? Бар болса қандай?

 Бірнеше оқушының пікірі тыңдалады. Бірнеше оқушы өз ойларын айтып болған соң мұғалім қорытындылап, сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

 

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-30

30-35

Тыңдалым алды тапсырма

«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісімен орындалады.

Мұғалім сабақ басталмастан бұрын тыңдалым мәтінінде кездесетін сөз тіркестерін сынып бөлмесінің қабырғаларына қағазға жазып іліп қояды. Ал сол сөз тіркестеріне қатысты сөздерді әр топ оқушыларына береді. Оқушылар топпен бірге жылдам-жылдам жүріп сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендірулері керек. Бірінші болып аяқтаған топ белгі береді. Мұғалім алғашқы болып аяқтаған топтан бастап жауаптарын айтуға мүмкіндік береді.

«Саяхаттаушы тіркестер»:

«Отандық және шетелдік суретшілердің ең таңдаулы шығармалары».

«Ежелгі көшпелілердің бірегей алтын бұйымдары».

«зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, тұрмыстық заттар».

«даму тарихын баяндайтын құжаттар, фотосуреттер, экспонаттар».

«маңызды құжаттар, тәуелсіздік жылдарындағы әртүрлі саладағы жетістіктер жөніндегі мағлұматтар».

Оқушыларға берілетін сөздер:

  • Алтын зал
  • Қазіргі заманғы өнер залы
  • Этнография залы
  • Тәуелсіз Қазақстан залы
  • Астана залы

 Тыңдалым тапсырмасы

Мәтінді мұқият тыңдайды. Тыңдап отырып тірек сөздерді жазып алады. Тірек сөздер тыңдалым мәтініне байланысты сұрақ құрастыру және өмірмен байланыстыру үшін пайдаланылады.

 

 Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма

Мұғалім оқушыларды санау арқылы бірнеше топтарға біріктіреді.

«Жаздың тамаша бір күнінде ... » деп басталатын сөйлеммен оқушылар тыңдалым мәтініне, сабақ тақырыбына қатысты мәліметті шынайы өмірмен байланыстырып мысал келтіріп айтады. Осы мәтін мазмұнына ұқсас өзі куә болған немесе естіген, оқыған оқиғаны мысалға алып өмірмен байланыстырады.

Тапсырма топпен орындалады. Мұғалім әр топтағы оқу әрекетін «Температураны өлшеу» әдісімен бақылайды.

2-тапсырма

«Сұрақтар жаңбыры» әдісі

Жұмыс алгоритмі:

Оқушылар топтарда парақтарға сұрақтар жазып, басқа топтағы бір топқа лақтырады, ал сол топтың лақтырған сұрағына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы сол жауаптан сұрақ тудырып, ары лақтырады. Ойын солай жалғасады.

Шарты: әр түрлі деңгейдегі сұрақтар болуы тиіс.

Дескриптор:

  • мәтінді түсініп тыңдайды;
  • өмірмен байланыстырады;
  • қойылған сұрақтарға жауап береді;
  • мысал келтіреді.

Өзіндік бағалау «Раунд Робин» тәсілі арқылы әркім өзінің сабақтан алған әсерін бір сөйлеммен жеткізеді.

Мысалы: Ұлттық музей туралы өзіме көп мәлімет алдым.

Музей экспонаттары туралы өзіме қызық мәлімет алдым.

1-таратпа

«Ұлттық музей – Қазақстан тарихының жылнамасы» тыңдалым мәтіні

Аудиожазба №8

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша жұмыс:

1. Пікір. Өз тобымен талдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Ұлттық музей тақырыбы бойынша қорытынды шығарады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу