Астана – әсем қала. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 9 сабақ


 Кері байланыс беру туралы

 Мұғалімге әдістемелік кеңес

 

 Сабақ соңында оқушылардың жұмысына оқушы оқушыға, мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сындарлы кері байланыс береді. Мысалы, оқушы тапсырма немесе сабақтағы ақпараттар туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіреді, аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін негіздеп көзқарасын білдіреді.

 Д.Уильямнің пікірінше, сыныптағы қалыптастырушы бағалау үшін кері байланыс берудегі маңызды мәселе – бұл оқушының әсері (реакциясы). Кері байланыс беру жақсы құрастырылғанына қарамастан, оған оқушылар назар аудармаса, онда уақытты босқа өткізгенмен бірдей болады. Сондықтан кері байланыстың екі жақты әсері болуы оқушылардың өз оқуын жетілдіруіне берілген кепіл деуімізге болады.

 «Серпілген сауал» әдісін қолданып, оқушылар бір-бірінің жұмыстары туралы сұрақ қою/жауап беру арқылы өзара бағалау жасауға болады.

 

 - ... (оқушының аты) сауалнамасы туралы не ойлайсың?

 - ... (оқушының аты) ...ның (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?

 - ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

 

 Мұғалімнің сындарлы кері байланысы мынадай сұрақтар арқылы жүзеге асады:

  •  Ұтымды шыққан жауаптар...
  •  Тапсырма шартына сай, бірақ шығармашылықты қажет ететін ...
  •  Әлі де жетілдіре түсетін жауаптар...
  •  Креативті жауаптар ... бірақ көркем тіл жетіспейді.

 «20 секунд» әдісі. Мұғалім арнайы сұрақтар жасырады және ойлануға 20 секунд уақыт береді. Қолданылатын әдіс оқушылардың өз жауаптарын ой елегінен өткізіп, нақты жауап берулері үшін жасалынады. Бұл әдіс барысында сұрақ айтылып болған соң бірден алғашқы секундтардан кейін зерек 4-6 оқушының жауабы тыңдалып, олардың тез ойлау қабілетін дамытады. Орта және жоғары сынып оқушыларына өз жауаптарын қағаз бетіне түсіртеді, себебі ауызша жауап берсе, бір-бірінің ойын бөліп, бөгет жасаулары мүмкін.

 Басқа да әдістер сияқты оқушылардың жауабын нақтылау үшін мұғалім « Неге? Не себепті? Қалай?» деген сұрақтарды қояды. Мұғалім бұл сұрақтарды тек дұрыс жауап бермегендерге ғана емес, сонымен қатар дұрыс жауап бергендерге де қоюды естен шығармауы керек. Бұл оқушылардың білімі мен бағасын айқындай түсу үшін жасалынады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу