Астананың тұрғындары. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 11 сабақ


1-таратпа

Астана туралы сөйлесейік

Сөйлесуге арналған карталар

Астана үлкен қала ма? Тұрғындар саны қанша? Бұл туралы айта аласың ба?

Астана арзан қала ма, әлде қымбат па? Турист ретінде бір күнде қанша ақша жоятын едің? Интернеттен анықта.

Астана мен сенің тұратын қалаңдағы уақытта айырмашылық бар ма?

Астана қаласында тұратын танымал адамдардан кімді білесің? Ол туралы не айта аласың?

Астанадағы қандай туристік орындарды білесің? Сен қай жерге барар едің?

Астанада қандай қоғамдық көліктермен жүреді? Өзің тұратын қаламен салыстырып айт.

2017 жылы Астанада өткен қандай халықаралық мәні бар шараны білесің? Сеніңше, ол сәтті өтті ме?

Астананың әкімі кім? Ол туралы не білесің? Анықтап көр.

Астанада қандай жергілікті тағамды пайдаланады?

2-таратпа

 Тапсырма.

 - Мәтін бірігіп оқы.

 - Астананың әсем жерлері туралы тұсын тауып, астын сыз.

 - Мәтіннен «Кейіпкердің Астананы жақсы көретінін қай тұстан байқауға болады?» деген сұраққа жауап ізде.

 

 

 Астана тұрғындары

 1-мәтін

 Ақбике АЛҒИ, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқушысы:

 Ақбике: Шетелде көп жүремін. Италия, Испания, Якутия, Үндістан, Иордания, Франция, Германия, тағы басқа бірнеше елде болдым. Айман және Раиса Мұсаходжаева апайларыммен бірге көп елге гастрольге бардым. Америкада бір жарым ай, Италияда бір ай жүріп, бірнеше концерт қойдық. Бір түсінгенім, қайда жүрсем де, Астанама қайтуға асығып тұрам. Үйде болсам, ұйқымнан тұра сала терезеден көшеге қараймын. «Мама, қарашы, қандай әдемі қалада тұрамыз!» деп, тамсанудан жалыққан емеспін.

 Ұлан: Достарыңмен қай жерлерде серуендеуді ұнатасыңдар?

 Ақбике: «Керуен» деген демалыс орны бар. Сауда-саттық және ойын-сауық орталығы. Сосын «Бәйтеректің» айналасында қыдырғанды ұнатамыз. Қаламызда саябақтар да көбейді. Тәуелсіздік көшесінен Абылай хан көшесіне дейін бірнеше саябақ ашылды. Серуендейтін жер көп!

 Ұлан: Шетелдік балалар Астана туралы қызықтап сұрайтын шығар?

 Ақбике: Әрине. Мен қазір бір жақсы әдет тауып алдым (күліп). Шетелге Астана фотолары бар ашықхаттар, кәдесыйларды ала барам. Сосын фотолар бойынша Астана туралы әңгімелеп берем. Фукуда деген жапониялық скрипкашы досым бар. Италиядағы байқауда танысқанбыз. «Сенің Астанаңа арнайы барам, әбден қызықтырдың» деп жүр. Осылайша шетелдік талантты балаларды Астананы көруге шақырып жүрмін.

 

 2-мәтін

 Әмина ҚАЙЫРБЕКОВА, Астанадағы Б.Момышұлы атындағы №70 мектеп-лицейдің оқушысы:

 Ұлан: Әмина, біраз күннен бері Ташкентте жүр екенсің, Астананы сағынбадың ба?

 Әмина: Иә-ә-ә, сағындым. Ташкент ыстық екен. Өзімнің салқындау Астанамды сағынып отырмын (күліп).

 Ұлан: Астанада дүниеге келдің бе?

 Әмина: Жоқ, Қарағандыда. Бес жасымнан Астанада тұрамын. Сайысқа бас қаламыздың атынан қатысам ғой. Сонда «Астананың шахматшысы осал екен» демесін деп, намысқа тырысамын.

 Ұлан: Бәрекелді! Шетелдік достарың жақында Астананың туған күні екенін біле ме екен, сұрадың ба?

 Әмина: Мен мұнда келген күні-ақ бәріне ол туралы айтып қойғанмын. Енді бәрі біледі.

 Ұлан: Ал жалпы Астананың өзі туралы ше?

 Әмина: Әрине, біледі. Өйткені, көршілес елдің балалары ғой. Елбасы Нұрсұлтан атамызды таниды. Ал еуропалық балалар Қазақстанды Ресеймен жиі шатастырады. Жарыстарға өзіммен бірге «Бәйтерек» сияқты кәдесыйларды алып барам. Сосын оларды қарсыластарыма сыйлап кетем. Қандай символ екенін түсіндірем. Сонда келесі кездескенде «Астананы білмеймін» демейтін болады.

 http://zhasorken.kz

3-таратпа

 

 Диалогтың сұрағы: Елордамызды әлемге танытуда балалардың үлесі қандай?

 

 Тапсырманың шарты:

  • Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды қолдан.
  • Диалог мазмұнында «Елордамызды әлемге танытуда балалардың үлесі қандай?» деген сұраққа жауап бер.
  • «Сергіту сәтіндегі» Астана қаласының географиялық орналасуы туралы мәліметтерді пайдалан.

  



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу