Астананың тұрғындары. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 11 сабақ


 Мұғалімге әдістемелік кеңес

 

«Паб куиз (Pub quiz)» әдісімен орындалатын тапсырмада топқа бөлу

 Оқушыларды топқа бөлу тәсілдері. Оқушыларды оқу топтарына бөлудің бірнеше тәсілдері бар:

  • Топ мүшелерінің тізімін алдын ала анықтап, іліп қоюға болады.
  • Оқушыларды топқа бөлудің ең қарапайым жолы – «бір», «екі» сандарымен санату. Бір санын атағандар бірінші топты, екі санын атағандар екінші топты құрайды.
  • Сандардың орнына түстерді немесе жыл мезгілдерін т.б. атауға болады.
  • Енді бір жолы оқушылардың көзқарастары мен ұстанымдары бойынша (өз қалауымен) құрауға болады.

 Қажетті уақыт бойы топ құрамының тұрақты сақталуы оқушылардың топпен жұмыс істеуде жетістікке жету шеберліктерін шыңдайды. Интерактивті оқытуда тұрақты топ болмайды, олар үнемі ауысып отырады. Ал топ құрамының ауысуы барлық оқушыларға әртүрлі адамдармен жұмыс істеуге және оларды тануға мүмкіндік береді.

 Топты құра отырып, мынандай жағдайларға көңіл бөліңіз:

 - оқушылардың топтық жұмысты орындауға білімі мен іскерліктерінің жететіндігіне көз жеткізіңіз.

 - өз нұсқауларыңызды мейлінше анық жасаңыз.

 - оларды тақтаға немесе карточкаларға жазып қойыңыз.

 - тапсырманы орындауға жеткілікті уақыт беріңіз.

 - тапсырманы басқа топтардан бұрын аяқтаған топтың немен айналысатынын да алдын ала ойластырыңыз.

 - сіздің бағалау және марапаттау тәсілдеріңіздің топтық жұмысты қолдануға қалай әсер ететінін де ойлаңыз. Топтың күшімен жеткен жетістікті топтық марапаттаумен қамтамасыз етіңіз.

 - топішілік басқару мәселесін де назардан тыс қалдырмаңыз. Егер бір оқушы топтың жұмысы туралы есеп берсе, әділ шешім жасаңыз. Топтың әр мүшесінің бір-бірінің құқығын қалай сыйлайтынына көңіл бөлуге тырысыңыз.

 - бірігіп әрекет етуге тән жұмыс барысындағы шуларға дайын болыңыз.

 - шағын топтардағы жұмыстарға тапсырма дайындау барысында әр топтан күтілетін оқу нәтижесін ойластырыңыз.

 - оқушыларды тапсырма түрімен олар топқа бөлінбей тұрып таныстырыңыз.

  - тапсырманың түсінікті екендігін оқушылармен бірге талқылаңыз.

  - топта жұмыс істеу ережесін естеріне түсіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу