Астананың тұрғындары. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 11 сабақ


1-таратпа

«Галереяны шарлау»

Қабырғаға ілінетін суреттер тізімі

1-сурет - «Керуен» сауда орыны. 2-сурет - «Думан» ойын-сауық орталығы. 3-сурет – Бәйтерек. 4-сурет - Хан шатыр. 5-сурет - Опера және балет театры. 6–сурет - Silkway сауда орыны.

 

 

2-таратпа

 Тапсырма.

 - Мәтін бірігіп оқы.

 - Астананың әсем жерлері туралы тұсын тауып, астын сыз.

 - Мәтіннен «Кейіпкердің Астананы жақсы көретінін қай тұстан байқауға болады?» деген сұраққа жауап ізде.

 - Негізгі, детальді, қосымша ақпараттарды дәптеріңе түртіп ал.

 

 Астана тұрғындары

 1-мәтін

 Ақбике АЛҒИ, Қазақ Ұлттық өнер университетінің оқушысы:

 Ақбике: Шетелде көп жүремін. Италия, Испания, Якутия, Үндістан, Иордания, Франция, Германия, тағы басқа бірнеше елде болдым. Айман және Раиса Мұсаходжаева апайларыммен бірге көп елге гастрольге бардым. Америкада бір жарым ай, Италияда бір ай жүріп, бірнеше концерт қойдық. Бір түсінгенім, қайда жүрсем де, Астанама қайтуға асығып тұрам. Үйде болсам, ұйқымнан тұра сала терезеден көшеге қараймын. «Мама, қарашы, қандай әдемі қалада тұрамыз!» деп, тамсанудан жалыққан емеспін.

 Ұлан: Достарыңмен қай жерлерде серуендеуді ұнатасыңдар?

 Ақбике: «Керуен» деген демалыс орны бар. Сауда-саттық және ойын-сауық орталығы. Сосын «Бәйтеректің» айналасында қыдырғанды ұнатамыз. Қаламызда саябақтар да көбейді. Тәуелсіздік көшесінен Абылай хан көшесіне дейін бірнеше саябақ ашылды. Серуендейтін жер көп!

 Ұлан: Шетелдік балалар Астана туралы қызықтап сұрайтын шығар?

 Ақбике: Әрине. Мен қазір бір жақсы әдет тауып алдым (күліп). Шетелге Астана фотолары бар ашықхаттар, кәдесыйларды ала барам. Сосын фотолар бойынша Астана туралы әңгімелеп берем. Фукуда деген жапониялық скрипкашы досым бар. Италиядағы байқауда танысқанбыз. «Сенің Астанаңа арнайы барам, әбден қызықтырдың» деп жүр. Осылайша шетелдік талантты балаларды Астананы көруге шақырып жүрмін.

 

 2-мәтін

 Әмина ҚАЙЫРБЕКОВА, Астанадағы Б.Момышұлы атындағы №70 мектеп-лицейдің оқушысы:

 Ұлан: Әмина, біраз күннен бері Ташкентте жүр екенсің, Астананы сағынбадың ба?

 Әмина: Иә-ә-ә, сағындым. Ташкент ыстық екен. Өзімнің салқындау Астанамды сағынып отырмын (күліп).

 Ұлан: Астанада дүниеге келдің бе?

 Әмина: Жоқ, Қарағандыда. Бес жасымнан Астанада тұрамын. Сайысқа бас қаламыздың атынан қатысам ғой. Сонда «Астананың шахматшысы осал екен» демесін деп, намысқа тырысамын.

 Ұлан: Бәрекелді! Шетелдік достарың жақында Астананың туған күні екенін біле ме екен, сұрадың ба?

 Әмина: Мен мұнда келген күні-ақ бәріне ол туралы айтып қойғанмын. Енді бәрі біледі.

 Ұлан: Ал жалпы Астананың өзі туралы ше?

 Әмина: Әрине, біледі. Өйткені, көршілес елдің балалары ғой. Елбасы Нұрсұлтан атамызды таниды. Ал еуропалық балалар Қазақстанды Ресеймен жиі шатастырады. Жарыстарға өзіммен бірге «Бәйтерек» сияқты кәдесыйларды алып барам. Сосын оларды қарсыластарыма сыйлап кетем. Қандай символ екенін түсіндірем. Сонда келесі кездескенде «Астананы білмеймін» демейтін болады.

 http://zhasorken.kz

3-таратпа

Әр топқа ұсынылатын тақырыптар:

  • Елордамызды әлемге танытуда Ақбике Алғидың үлесі
  • Елордамызды әлемге танытуда Әмина Қайырбекованың үлесі
  • Шетелдіктердің Астанаға деген қызығушылығы
  • Кейіпкерлердің отансүйгіштігі

 Тапсырманың шарты:

  • Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды қолдану.
  • «Сергіту сәтіндегі» Астана қаласының географиялық орналасуы туралы мәліметтерді пайдалану.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу